Даланың дара ұстазына арналды

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_38_Screenshot_1.jpg

Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай«Б.Майлин аудандық № 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінде көптеп іс-шаралар өткізілуде.
Мақсат – оқушыларға Ы.Алтынсариннің мол мұрасын насихаттап, өмірбаяны, шығармашылық мұрасы және ағартушылық қызметі жайында мағлұмат беру арқылы мемлекеттік тілді зерделеп,қызығушылықтарын арттыру және ұлттық бірегейліктерін дамыту. Оның еңбектерін үлгі ете отырып, жас ұрпақты еңбекқорлыққа,адамгершілікке,достыққа,іскерлікке, бірлікке,Отан алдындағы борышын сезінуге,елін,жерін сүюге,ұлы тарихи тұлғаны құрмет тұтуға және үлгі алуға тәрбиелеу.
Іс-шараның ашылуында 1-11 сыныптар аралығында Ы.Алтынсариннің өмір жолы жайында бейнебаян көрсетілді. Одан әрімен «Ыбырай Алтынсарин -ұлы педагог,ағартушы, жазушы», «Ұлы ұстаз – Ыбырай Алтынсарин» атты тәрбие сабақтары өткізілді.Сонымен қатар, 1-сынып оқушылары Ерасыл Мақсұтқан, Диана Назарбаева және Аяжан Байдрахмандар «Кел,балалар,оқылық!» атты Ы.Алтынсариннің мерейтойына байланысты қашықтықтан өткізілген аудандық, облыстық,республикалық олимпиадалар мен байқауларға қатысып, 1-орынды иеленді. Ал, Ыбырай оқуларына қатысқан 1-6 сынып оқушыларының өлеңдері мектептің әлеуметтік желі парақшасына жарияланды.Және «Өзін-өзі басқару» ұйымы оқушыларының жетекшілігімен ұйымдастырылған «Кел,балалар,оқылық!» өлеңімен бастау алған челлендж көпті тамсандырды.
Міне, мектебіміздегі тәрбие жұмысы айдары аясындағы іс-шаралар мұнымен шектелмейді. Ел тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңындағы қарқынды жұмыстар жоспар негізінде жүзеге асырыла бермек. Осы орайда мектеп кітапханашысы А.А.Бірмағанбетова мен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ы.И.Лескеновтың ұйымдастыруымен қойылған «Алғашқы ұстаз,алғашқы бабам» Ы.Алтынсаринге арналған кітап көрмесін атап өткен жөн. Бұл жерде де ағартушының өлеңдері,тағылымды әңгімелері және кітаптары көрініс тапқан. Біздің мақсат-ұлы тұлғалардың шығармашылығын ұрпағымызға дәріптеу,насихаттау.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане