Мәуліт мерекесінің мәні мен маңызы

Бүкіл мақтау мадақтау Әлемдердің Раббысы болған Алла Тағалаға тән. Алла Тағаланың сүйікті елшісі, адамзаттың ардақтысы, соңғы пайғамбары Мұхаммедке Алланың сәлемі және мейірімі болсын!


Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде де «Ажар» мешітінің имамы Назаров Расул Айбекұлымен кездесу ұйымдастырылып, Пайғамбарымыздың өнегелі өмір жолын жан-жақты ашып түсіндіріп берді. Исламның асыл құндылықтарын насихаттайтын түрлі рухани кештер мен жиындарды ұйымдастыру – мерекені атап өтудің негізгі мақсаты мен асыл мұраты екенін ұмытпағанымыз жөн.
Мереке ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өскен халыққа жаһандану шырмауына ілікпей, кемелденіп, көңіл кілтін табуына септігін тигізері анық. Имамдар бұл уақытты өз келушілерінің моральдік-рухани, діни тәрбиесі үшін, адамдарды жақсылық жасап, жамандықтан жиренуге шақыратын Құранды бірлесіп оқу үшін пайдаланады. Пайғамбардың өмірі, діни қызметкерлердің айтуы бойынша, Алла тағалаға құлшылық ету үлгісі болып табылады. Оның үлгісі мұсылмандарда сана-сезімнің тазалығы, басқа діндерге шыдамдылық, басқалардың қателерін кешіре білу, адамдар алдындағы адалдық пен оларға жәрдем беру дайындылығы сияқты қасиеттерді тәрбиелеуге септігін тигізеді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане