Əлеуметтік сала қызметкері

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_42_42-2021_10.jpgЖыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде әлеуметтік қызметкерлер күні аталып өтеді.


Əлеуметтік сала – еліміздегі ең өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда қоғамда болып жат­қан оқиғалардың дені осы əлеуметтік мəселе төңірегінде туындап жататыны шындық. Əсіресе, «əлеуметтік» ұғымымен қорғау, көмек, қызмет, оңалту, ортаға əсер ету, қамсыздандыру, паналау орны, диагноз, қолдау, педагогика, қызметкер секілді қатарлас қолдан­ылатын тіркестер құла­­ғымыз­ға сіңісті болып кетті. Десек­ те,­ бұлардың бəрінің астарында қоғам өмір­інде болып жат­қан мəселелерге атүс­ті қарамай, мем­лекет­іміздің əрбір көмекке зəру жандарына қол ұшын созу жатыр. Бүгін осындай көзге көріне бермес, қиындығы көп жұмысты еңсеріп жүрген әлеуметтік қызметкер Ляззат Қуанышева туралы айтатын боламыз.
2003 жылы Өзбекстан Республикасынан көшіп келген Ляззат ханым, бүгінде әлеуметтік қызметкер болып 2015 жылдан бері жұмыс атқарып жатыр.
- Бүгінгі таңда, тағдыр тауқыметін тартқан, түрлі жағдайларға тап болған немесе мүмкіндігі шектеулі жандарды көргенімен көмек көрсетуге құлық таныта қоймайтындар да баршылық. Осындай жандармен бізге жұмыс істеген қиын деп те, оңай деп те айта алмаймын. Қолымыздан келген көмегімізді көрсетіп, мейірімімізді төгудеміз. Өзім Өзбекстан Республикасында педагогикалық институтты тәмамдадым. Біршама жылдар мұғалім болып жұмыс атқардым. Ал, 6 жыл көлемінде осы салада қызмет атқарудамын. Өзіме үлкен кісілермен жұмыс атқарған ұнайды,- дейді Ляззат ханым.
Əлеуметтік сала қызметкерлері жалғызбасты қарттардың көңілін аулап, барынша қолдау көрсетуде. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қайғысымен бөлісіп, оңалып кетуіне ықпал жасайды. Қазіргі таңда əлеуметтік қызметкер – белгілі бір көмекке мұқтаж адамдарға демеу болар адам ғана емес, ол қоғамның əл-ауқатын жақсартуға бағытталған əлеуметтік саясатты реформалауға қатысушы десек те болады. Сондықтан, тек мереке қарсаңында ғана емес, еңбегін елеп, нардың жүгіндей ауыр міндетті арқалап жүрген қызметкерлерді құрметке лайықты дер едік.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане