- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 14.04.2022 06:18
-
Автор: Аманкуль КАРИМЖАНОВА
-
Просмотров: 648
Латын тілі – ғылым мен техниканың тілі. Латын әліпбиіне көшу – заман талабынан туындап отырған қажеттілік.
Дәл осылай 12-ші сәуір күні өткен Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығында өткен сайыс аталған болатын. Сайысқа аудан мен ауылдардан 10 қатысушы қатысып бағын сынады. Сайысқа қатысушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері болды. Сайыс басталмастан бұрын мекеме басшысы Туктубаева Армангул Гумарқызы қатысушыларды құттықтап сөз сөйледі. Аталған, сайыс 3-кезеңнен тұрды. Бірінші кезең бойынша әр қатысушы өздерін өлең жолдарымен таныстырып өтсе, екінші кезең бойынша «Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің болашағы» атты тақырыпта дайындап әкелген баяндамаларын оқыды, ал үшінші кезең «Мәтіндер айдары» бойынша әр қатысушы берілген мәтіндерді жетілдірілген жаңа қазақ әліпбиімен оқыды.
Үш кезең толық аяқтала салысымен әділқазылар қорытындыларын шығарып барлық қатысқан қатысушыларға әділ шешімін айтып, қатысушылар арнайы мадақтамамен марапатталды. Солардың ішінде «Набережный ЖББМ» мектебінің мұғалімі Утеулин Жалгасбек 1-ші орын, «Б.Майлин атындағы ЖББМ» мектебінен Атимтаева Балзина 2-ші орын, « Николаев негізгі орта мектебінен Таласбекова Әлия 3-ші орындармен марапатталып жүлделі сыйлықтар берілсе, ал қалған қатысушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.