Облыстық жарыстан жүлдемен оралды

b_600_290_16777215_00_images_images_2022_15_15-2022_10.jpgЛогикалық ой өрісті машықтандыратын спорт түрінің бірі ол-Шахмат. Шахмат сөзі парсы тілінде "шах" патша, "мат" өлді дегенді білдіреді. Әлемдегі ең танымал спорт түрінің бірі саналады.


5-ші, 6-шы, 7-ші сәуір күндері өткен 7 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдер облыстық шахмат сайыстарында ауданымыздан Сапар Ерғалиев атындағы мектептен 3-оқушы қатысқан болатын.
Олар: Бахытжанов Темірлан, Ахметова Камила, Аманжол Айсүгір. Сайысқа қатысқан оқушылардың арасынан жүлдемен қайтқан 4-сынып оқушысы Аманжол Айсүгір: «Шахмат ойынын қатты ұнатам, шахмат үйірмесіне барып жүргеніме бір жыл өтті. Ең алдымен осы облыстық сайыста екінші орын алуым, жетістікке жетуім ата-анамның арқасы деп білемін, себебі шахматқа ең алдымен қызығушылығмды оятқан осы атан-анам болатын, екінші – жаттықтырушым. Үнемі жақсы дайындықпен дұрыс бағыт-бағдар берген жаттықтырушым Кәрімжанұлы Асылбек ағайыма алғысым шексіз.» - дейді жас шахматшы.
Жас шахматшы алдағы уақыттарда да үлкен белестерді бағындыратынына сенімі мол. Ендеше бізде, Айсүгірді алда тек биіктерден көреміз деген ойдамыз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане