«Қозы- Көрпеш- Баян сұлу» ғашықтар күні

b_600_290_16777215_00_images_images_2022_16_16-2022_3.jpg15 сәуір елімізде ғашықтар күні тойланады. Дәстүрімізге сай тойланатын бұл мереке жастар арасында кейінгі жылдары кең танылған. Мереке қазақ лиро- эпостық жырының кейіпкері Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың құрметіне арналған. «Қозы- Көрпеш- Баян сұлу» дастаны қазақ халқының ең көне, ел арасында көп тараған жырлардың бірі саналады.
«Думан» Мәдениет үйінде 15 сәуір күні «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» ғашықтар күніне арналған театрлық танымдылық кеш өтті. Бұл кеште қазақ эпосының каһармандарының бірін таңдап, махаббат аңызын айту болып табылды. Тобыл кенті мектептерінен жоғарғы сынып оқушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Нурхельдиев Адиль мен Мукашева Камила «Еңлік – Кебек», Ергазиев Кұнанбай мен Сломнюк Валентина «Ләйлі- Мәжнүн», Волынский Максим мен Бельхеева Қамбар «Естай- Құсни Қорлан», Ахмет Нұралы мен Ислямова Жұлдыз «Қыз Жібек - Төлеген», Майер Роман мен Кулак Ольга «Алпамыс- Гүлбаршын» бейнесін көрсетіп, қазақ эпостарындағы ғашықтардың махаббатын бейнеледі. Қазақ лиро- эпостық жырларында махаббатта, ғашықтықта бір күнмен шектелмейді, сезім шексіздіктен тұрады, ал шексіздік есептелмейді. Олай болса, ұлттық мәдениетімізге, халқымыздың салт-дәстүрлеріне негізделген мереке, дәстүрлерімізбен жарастырып, одан әрі байыту, жастарға үйрету қоғамының басты міндеті.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане