Айтыс – өшпес мұра

b_600_290_16777215_00_images_images_2022_16_16-2022_2.jpgАйтыс - ұрпақ тәрбиесіндегі әділдікке, турашылдыққа, отансүйгіштікке, бауырмалдыққа үн­дейтін тәрбие құралы. Сондықтан киелі өнерімізді асқақтата дамытып, таланттыларды танып, жас ұрпақтың бойына баба дәстүрін еге білу қажет.
Қазақтың әр баласының бойында бір өнер бары анық. Бүгінгі таңда жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша әр баланың бейім қабілетін тану, зерттеу, талантын ашу маңызды. Осындай ұлтымыздың ұлы өнерін айғақтау, ұрпақ бойына сіңіру барысында Қостанай қаласында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Жас тұлпар» облыстық оқушылар айтысы өтті. Тобыл жалпы білім беретін мектебінен екі оқушысы өз бақтарын сынап келді. Бұл жерде жас өрендер елге-жерге деген құрметін, Ахмет Байтұрсынұлының ұлылығын жырлады. Қазылар алқасы жас айтыскерлерге әділ бағасын берді. Айтыс барысында жастардың шебер сөз құрау мәдениеті, көркем тіл дарындылығы, ұшқыр ой тапқырлығы көптің көңілінен шықты. Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлына арналған айтыста жетекшісі белгілі ақын- айтыскер Изтілеу Мамай Тұрысбекұлы шәкірттері 6 сынып оқушысы Қуантай Нұрайлым 3 орынға, ал 8 сынып оқушысы Тұрысбек Бауыржан диплом мен ақшалай сыйлық табыс етілді. Әр ұрпағымыз ұлтын ұялтпайтын қазақтың мақтанышы болсын. Айтыс шамы жар­қырай берсін!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане