Белсенді жастар - болашақ кепілі

b_600_290_16777215_00_images_images_2022_30_30-2022_14.jpgЖастар – асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыс­тың нышаны. Олар – қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Жарқын болашақ - тарихын тереңінен танып, тілін қастерлейтін, елі мен жерін сүйетін, ойы озық, өрісі кең, рухы биік жастардың қолында. Тобыл кенті тұрғыны белсенді жастарымыздың бірі Лескенов Ырысхан Ибрагимұлы


Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің «Педагогика және психология мамандығы» бойынша бітіріп, 2019 жылы бастап Қарасу ауданы, Павлов ауылдық мектебінде еңбек етіп, былтыр, яғни 2021 - ден бастап, жаңадан ашылған №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебіне ұстаздық етіп жүр. Ырысхан Ибрагимұлы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы. Нұрлыбаев ауылдық округінің Ынталы ауылының тумасы, отбасында 3 қыз 3 ұлдың ішіндегі кенжесі.
Ырысхан Ибрагимұлы №2 Тобыл жалпы білім беретін мектепішілік жарыс байқауында «ең үздік жас маман» атанып, осы 1-2 жылдың ішінде көптеген шығармашылық жетістіктерге жетті. Мысалы: мектепте өткізілген оқушылар мен ұстаз арасындағы «2 жұлдыз» сайысынан көрермен көзайымы, Тобыл кенті ұйымдастырған аудандық КВН ойынының «үздік актері» атанды. Жақында «Үздік Психолог» атты сайысқа қатысып жүлделі орын алды. Облыстық аналарға құттықтау сайысында « Көрермен көзайымы» атанып, громатамен жүлделі сыйлық алды. Тобыл кентінде түрлі іс-шараларға белсене қатысып отыратын Ырысхан Ибрагимұлы Тобыл кентінің әкімінен мадақтамасымен марапатталды.
- Осы жылы мен үшін табысты әрі берекелі жұмыс жылы болды. Тобыл жастары өте, салмақты, ақылды және білімді жастар деп айтқым келеді. Себебі қай оқушыдан бір күнін қалай өткізгені туралы сұрасаң, түске дейін мектепте, түстен кейін түрлі үйірмелерде күрес, тоғыз құмалақ, дойбы, шахмат, воллейбол, футбол немесе өнер мектебінде болады. Жалпы жастар жағы өздерін дамыту үстінде. Алдағы жоспар бойынша осындай жастармен бірге менде өз көмегімді, яғни психолог ретінде психологиялық көмек беріп, қандай да қиыншылық болғанда бәріне көмек қолымды созғым келеді. Мектеп ұжымындағы әріптестеріме келетін болсақ өте тамаша жандар, олар мені өте жақсы, алғашқы келгенде жылы қарсы алды. Әркез қандай істе болмасын қолдап жүретін мектеп басшысы Гүлнар Расулқызына алғысым шексіз. Барлық жастарға, достарыма арман-мақсаттарыныңыз іске асып, Абай атамыз «Сен де бір кірпіш дүниеде кетігін тап та бар қалан», - деп айтқандай, өмір атты алып кемеде өз айдындарыңды тауып, еліміздің, ұлтымыздың маңдайына біткен, алтындай абыройлы азаматтары болуларына тілектестік білдіремін ,- деп, ағынан жарылды жас маман Ырысхан Ибрагимұлы.
Қазіргі жастар – ертеңгі болашақтың іргетасы, кемел келешектің иелері. Сондықтан олар жан-жақты, сауатты, ерік-жігері мол азамат болып өсуге тиіс. Жастары белсенді елдің ертеңі де жарқын болады. Олар қоғамдағы барлық салаға атсалысып, тәуелсіздіктің тұғырлы болуы жолында аянбай еңбек етулері қажет.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане