Мерейтойыңмен, балабақша!

b_600_290_16777215_00_images_images_2022_37_202237.jpg

Биылғы жыл Тобыл кентіндегі «Балдәурен» балабақша үшін мерекелі болды. Өйткені, тәрбие ошағы өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өтті.
Қаншама жылдар тарих қойнауына енсе де, балабақша өз мәртебесін жоғалтқан емес. Қайта жылдан-жылға абыройы артып келеді. Мұнда мыңдаған бала тәрбиеленіп, көптеген тәрбиешілер еңбек сіңірді. Жас ұрпақты тәрбиеге баулыған бұл білім ордасының тарихын тарқатар болсақ, осыдан тура 35 жыл бұрын, «Аленушка» деген атаумен ашылған. Кешегі оңтайландыру кезінде балабақшалардың тұтастай жүйесі ыдырап, олардың саны күрт азайып кеткені белгілі. Сондай кезеңді басынан өткерген балабақшаны сақтап қалу жолында еңбек еткен алғашқы басшы Мерзлякова Мария Николаевна болған. Кейін балабақшаның атауы Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімінің КМҚК «Балдәурен» бөбекжай-бақшасы деп өзгертілген. Бұл ұжымға Нұрахметова Гүльнара Мұхамедьярқызы 2018 жылы басшылыққа келген. Ол алғашқы еңбек жолын 1988 жылы осы балабақшада тәрбиеші болып бастаған. Бүгінде балабақшада 115 балаға 12 тәрбиеші мен 18 ұстаз тәлім беруде. Балабақшада балалар үшін барлық жағдай жасалған.
- Балғын бөбектерімізге тәрбие мен білім беретін тәрбиешілеріміздің кәсіби шеберлігі мол, жан-жақты болуы заман талабы. Сондықтан да оларға қойылатын талап та қатаң. Топ жетекшілері жұмысын енді бастаған жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, тәжірибелерімен бөлісіп, білімдерін шыңдау мақсатында арнайы сабақтар өткізіп тұрады. Сол арқылы біз жас мамандарды осы саланың нағыз майталманы етіп шығарамыз»,-дейді балабақша басшысы Гүльнара Мухамедьярқызы. Мерекеде Тобыл кенті әкімінің орынбасары Каримов Серали Мұратұлы балабақшаның 35 жылдық мерейтойымен құттықтап, мекеменің қызметкерлеріне мықты денсаулық, осындай жауапты еңбекте табыс тіледі. Тәрбиешілер қызықты ойындар өткізіп, балаларға сыйлықтар берілді. Сонымен бірге балабақшада көп уақыттан бері еңбек етіп, қазір зейнеткер- ардагерлер: Мерзлякова М.Н.,Валалис А.И.,Яковенко Л.Д.,Титова Г.П.Рязанова Г.П., Кучеренко Т.П., Губарева Л.И., Шнайдер Л.А. мерейтойға шақырылды. Қонақтарға дастархан жайылып, балабақша мерейтойына арналып жасалған (кружка) шағын сыйлық табысталды. Мерекеге келген ардагерлер мерейтоймен құттықтап, балабақша ұжымына сәттілік тіледі. «Дарынсыз бала болмайды», дегендей мұндағы балалар да өте талантты, облыстық, аудандық байқауларға қатысып, жүлделер иеленіп жүр. Бұл жас өреннің өнерін ұштау, өрісін кеңейу бағытында тәрбиешілердің жасап жатқан жұмыстардың жемісі екені даусыз.
- Ата-анадан кейін баланың өсіп жетілуіне, ортаға бейімделуіне балабақшалардың қосар үлесі зор ғой. Себебі қазіргі таңда бала тәрбиесінде басым бағытқа ие болатын балабақша. Сондықтан да, біз талантты бүлдіршіндерді танып, олардың талабын ұштау бағытында көп жұмыс жасаймыз. Әр түрлі байқауларға қатыстырып, бағыт-бағдар беріп отырамыз,-дейді тәрбиешілер. Мұндағы тәрбиешілердің де жетістіктері мол. Өз ісінің мамандары: Чебанова Т.А., Гаас Н.А., Тулемисова С.Ж., Дандыбаева Н.Т., Кургамбаева Н.Т. тәрбиешілерді атап өтуге болады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане