С.Ерғалиев мектебінің оқушылары жүлдемен оралды

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_3_32023-11.jpg

Ұлттық спортты ұлықтаған оқушылар Қостанайда бас қосты.
Облыс орталығында тоғызқұмалақтан белгілі бапкер Амангелді Ерғалиевқа арналған облыстық ашық чемпионат ұйымдастырылды. Жарыс Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің базасында өтті.
Ашық турнирдің өтуіне мұрындық болған Қостанай қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі, облыстық тоғызқұмалақ федерациясы, бапкер Амангелді Ерғалиевтің туған-туыстары, құрдастары.
Тартысты жарысқа аудан мен қала мектептерінен келген 14,12,10 және 2008 жылдан төмен жастағы, жалпы саны 110 астам оқушылар қатысты.
Аталмыш жарыста Б.Майлин ауданының намысын С.Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары қорғады. Екі күнге созылған жарыстың нәтижесі бойынша жоғарыда аталған мектептің 2-ші сынып оқушысы Әділет Ниязбек 14-15 жас аралығында оқушылар арасында жүлделі 1-ші орынды, 6-шы сынып оқушысы Ерқанат Ниязбек 12-13 жас оқушылар арасынан 3-ші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар арнайы грамотамен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Жеңімпаздардың бапкері Тұралы Орынтай шәкірттерінің републикалық жарыстарға жолдама алу мәртебесі алыс емес екенін мәлім етті.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане