«Мемлекеттік тіл - қызмет тілі» аудандық байқауы

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_13_132023-8.jpg

«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен, бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, 2023 жылғы 28 наурызда «Мемлекеттік тіл - қызмет тілі» аудандық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты:
1. Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейтіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналдыруды насихаттау.
2. Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, ең үздік мемлекеттік қызметшіні анықтау және ынталандыру.
3. Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына сәйкес қазақ тілі республикамыздағы негізгі тіл – мемлекеттік тіл болуына орай оның қолданылу аясы, бедел-мерейі мемлекет ішінде ғана емес, халықаралық қатынастар деңгейіне дейін артып келеді. Осыған байланысты қазақ тілін оқу мен оқытуды жан-жақты зерттеп, дамыту жауапкершілігін алға тартып отыр.
Аталған іс-шараға ауданның мемлекеттік қызметшілері қатысты.Қатысушылар өздерін 3 кезең бойынша сынады. Қорытындылай келе, І орынды «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы- Бейсенгулова Зарина, ІІ орынды «Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы- Ерекенова Гүлмира, ІІІ орынды «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы -Малтабаров Базарбай қанжығасына байлады. Барлық қатысушылар алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане