- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 13.04.2023 08:07
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 541
Биыл қасиетті Рамазан айында оразаны ұстаушылардың қатары көбеймесе азайған емес.
Әсіресе, мұсылманның парызын орындауға жастар жағы да ынталы. Сондай-ақ, қасиетті айда қайырымдылық танытуға, игілікті шаралар атқаруға ынталылар қатары да арта түсуде. Рамазан айында шамасы келгендердің жыл сайы атқаратын сауабы мол шараларының бірі ораза ұстаған жандардың аузын аштыру екені белгілі. Бұл сауапты істен тобылдықтар қалыс қалмай, әр жылы Рамазан айында жамағатты жинап, ауызашар беріп келеді.
Міне, биыл да жамағаттың басын қосып, өткен кешкі ауызашар уақытта «Ассаба» мейрамханасында ауызашар беріліп жатыр. Жамағат ауызашар дастарханының басына жиналған соң «Ажар» мешітінің бас имамы Назаров Расул Айбекұлы аят оқыды. Асыға тосқан қауым ауыз ашып, кең дастархандағы мол ас-судан татып, жадырап қалды. Ауызашар дастарханы басында Рамазан айындағы игі тілектер де айтылып, оразаның қадір-қасиеті жайлы әңгімелеп, ораза ұстаған жамағатқа ауызашар беріп, сауапты іс атқарып отырған отбасыларына алғыс сезімін білдіріп, келешектегі келелі істеріне табыстар тіледі. «Ажар» мешітінің бас имамы Назаров Расул Айбекұлы ата-бабалар рухына Құран бағыштап, жерімізге тыныштық, елімізге амандық, болашақ жастардың жүрегіне иман нұры ұялай беруін тілеп дұға қайырды, құран оқылды. Ауызашар барысында кезектесіп сөз алған азаматтар жастардың бойына ауызашар дәстүрінің олардың береке-бірлігін арттыру, ұйымшыл, қоғамшыл, кешірімшіл болып тәрбиеленуіне орасан мол ықпал ете алатыны жайлы ойларын ортаға салды. Асыл дініміз Исламның құндылықтары, қасиетті Рамазан айының хикметтері мен ораза ұстаудың және ауызашар беру, ауыз аштырудың сауабы туралы кең көлемде уағыз-айтты, ақсақалдар баталарын берді. Ауызашар ұйымдастырушылардың асыл дініміздің құрметіне орай, қасиетті Рамазан айының қадір-қасиетін ұлықтап, Алла ризашылығы үшін көрсеткен жақсы ниеті, жылы қабағы, ақ пейілдеріне келушілер де қош көңілмен риза болып тарқасты. Ауызашарға жиналған қауымға «Ниеттеріңіз қабыл болсын» дей отырып, жалпы қауымға денсаулық, бақыт, байлық, береке, бірлік тілейміз.