Қозы Көрпеш - Баян сұлу - махаббаттың қос шынары

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_15_152023-7.jpg

15 сәуірде елімізде ғашықтар күні тойланады. Бұл ресми мереке болмағанымен, жастар арасында кейінгі жылдары кең танылған. Мереке қазақ лиро-эпостық жырының кейіпкері Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың құрметіне арналған.
Қазақ халқы ежелден махаббат сезімін, оның нәзік қылын, пәк махаббатқа жету жолындағы жүректі тербетер сан қилы оқиғаларды мейлі, өз жұртында болсын, мейлі, өзге жұртта болсын, жырлап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырған. 15 сәуір – Ғашықтар күні қарсаңында тарихымыздағы қос ғашықтарымызды еске түсіре отырайық: Ләйлі –Мәжнүн, Жүсіп-Зылиха, Фархад-Шырын, Таһир-Зухра, Арзу-Қамбар, Еңлік-Кебек, Қыз Жібек пен Төлеген , Қалқаман-Мамыр, Естай-Қорлан, Қозы Көрпеш-Баян сұлу. Аталған ғашықтардың арасындағы махаббат – шынайы, пәк, қазіргі жастарымызға үлгі боларлық.
Қазақ қыздарының асқан сұлулығын, ақылдылығын, ибалығын, қазақ жігіттерінің сүйгеніне деген тұрақтылығын, мәрттігін дархандығын, яғни жастар бойындағы жақсылық пен жарасымдылықты жиып көрсету болып табылатын жастар мерекесі «Думан» Мәдениет үйінде жыл сайын өткізіліп тұрады. Биыл жастар театрланған қойылым көрсету арқылы мерекенің өте қызықты өтуіне атсалысуда. Театрланған көрініс жастардың ой- өрістерін дамытуына, сананы, сөйлеу мәдениетін дамыту, ұлттық рух пен партиотизмді дамытуға үлес қосады.
Қозы мен Баянның қасиетті есімін пәк мінезін, таза әрекетін ардақ тұтып, махаббаттың қол жетпестей асқақ үлгісі ретінде көрсету, махаббатты қадірлеуге, бірін-бірі сыйлауға, бағалауға тәрбиелеп, елін, жерін, тілін сүйетін, туған халқының төл мәдениетін, әдебиетін құрметтейтін азамат тәрбиелеу біздің парызымыз. Ғашық болсаң саған күнде, гүлде, жан – жағындағы адамдар да күліп, қызыға қарап тұрған секілді. Махаббат бар, ол адаммен бірге жүреді. Тек оны аялай білу керек. Әрбір адам өз махаббатының бағбаны. Солып қалмау үшін қай гүлге қанша су құю керек екендігін бұлжытпай білетін бағбан тәрізді, адам да өз махаббатының үнемі жайқалып тұруына тыңбастан жағдай жасап отыру тиіс. Әзілхан Нұршайықов ағамыз айтқандай «Махаббат – дүниедегі барлық күштің, барлық қуаттың бастауы. Онсыз еш жерде жеңіс жоқ». Адам атаулының туған жерге, ата-анаға, досқа, мектеп, ұстазға ғашық жандардың таза, мөлдір, мәңгілік махаббатына еш қылау түспесін! Өмірдің тұтқасы осы ұлы махаббат сезімінде. Сезімдеріңіз баянды болсын!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане