- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 20.04.2023 07:54
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 607
Тобыл жалпы білім беретін
мектебінің қазақ тілі мұғалімі –
Нүрсейітова Маржан Жұмағазықызы
Осы күндері халқымыздың үніне, жүрекжарды сөзіне айналған, Бейімбет Майлин аудандық газеті «Áıet shamshyraǵy» 85 жылдығы кеңінен атап өтілуде. «Áıet shamshyraǵy» газеті – аймақта өзіндік өрелі тарихы бар, бағыт-бағдары айқын, аудан жұртшылығы сүйсіне оқитын, тамыры тереңнен бастау алатын беделді басылымдардың бірі. Сондықтан да, «Áıet shamshyraǵy» газетінің мерейтойы бүкіл аудан жұртының ортақ қуанышы, ортақ мерекесі деп айтуға болады. Аудандық газет «Áıet shamshyraǵy» – ел шежірешісі ретіндегі орны зор. 85 жылдың ішінде талай нәрсе жазылды. Кәсіби маман ретінде Ахметбеков Айбатыр аудандық газеттің сапалы да мазмұнды шығуына, оның таралуына бір кісідей атсалысып келеді. Газет жарыққа шыққалы қазақ -орыс тілдерінде басылып келеді. Қай кезеңде де газет - өз оқырмандарының рухани азық көзі бола білді. Халық пен биліктің арасындағы алтын көпір рөлін лайықты атқара білді. Бейімбет Майлин ауданының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына ақпараттық тұрғыда үлкен үлес қосты. Ауданның жасампаз істерге толы шежіресін жазуға «Áıet shamshyraǵy» газетінің қаламгерлері де зор үлес қосты деп айтуға болады. Газеттің 85 жылдық тарихында өңір жылнамасы, тарихи сәттердің шежіресі жатыр. Осы уақыт аралығында бұл газет елдің көкейіндегісін айтатын, еңбеккерлердің ерен еңбегін жариялаған басылым бола білді. Газет ұжымына мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін! «Áıet shamshyraǵy» газеті – талғап оқитын басылымға айналсын! 100 жылдық мерейтойға аман жетіңіздер!