- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 20.04.2023 08:04
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 647
17 сәуір күні Бейімбет Майлин атындағы жалпы білім беретін мектебінде Кеңес Одағының батыры Сұлтан Баймағамбетовтың туғаныныа 80 жылдық мерейтойына арналған 7-8 сынып аудан оқушылары арасында «Алтын доп» баскетболдан жарыс өтті.
Жарысқа аудан көлемінде ер бала- қыз балалар арасында 78 оқушы қатысып, өз бақтарын сынады. Қазіргі уақытта салауатты өмір салтын насихаттап, спортшылардың шеберлігін шыңдау өте маңызды. Спорттық бәсекеде ойыншылар бар шеберліктерін салып, тартысты ойын көрсетті. Тартымды да тартысты өткен бұл додада төрешілердің шешімі бойынша жарыс нәтижесінде №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің қыздар құрамасы жүлделі 1 орынға ие болды. 2 орын- «Б.Майлин жалпы білдім беретін мектебі», 3 орын «С.Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін тектебі» иеленді. Сонымен бірге «Ең үздік ойыншы» атағын №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Қуантай Нұрайлым қанжығалады. Жеңіске жеткен №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің қыздар құрамасы жетекшісі Ахмет Бекнұр Ниетқалиұлымен облысқа жолдама алып, Бейімбет Майлин ауданы намысын қорғауға аттанып кетті. Қыздарымызға сәттілік тілейміз!