Мешіт салу - сауабы мол іс

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_17_162023-21-8.jpg

Барлығымыздың бұл дүниеде сауапты амал жасауымызға мүмкіндігіміз мол. Алла Тағала адамзат баласына асыл діні арқылы сауабы үзілмейтін іс жасауға жол көрсетіп қойған.
Ол шексіз сауап жазылатын амалдың бірі - халыққа, қоғамға пайдалы ғимарат салу болса, соның ішіндегі ең ізгіліктісі — мешіт салу екен. Мешіт – мұсылман қауымының Жаратушы иемізге кіршіксіз құлшылық жасап, шынайы тәубеге келетін, жабырқаған жанына жұбаныш беретін, арман-тілегін Аллаға ақтарып, дұға тілейтін мінәжат үйі. Алла Тағалаға иман келтірген мұсылмандар намаз оқып, құлшылық жасайтын қасиетті мекен.
Ауданымызда ислам діні өркендеп игілік пен ізгілікке ұмтылғандар саны күн санап көбейіп, ай сайын толысып келе жатқаны көңіл қуантады. Аудан тұрғындарының жүректеріндегі иманының күшейгенінің бір көрінісі Новоильин ауылында Алланың үйінің бой көтеруі. Халықтың басым бөлігі барлық талаптарға сай, сәулеті мен салтанаты келіскен Алланың үйін салуды қолдап, сауапты іске бел шеше кірісіп кеткен. Елдің көркеюіне, халқымыздың діни және рухани дамуына, жастардың дұрыс тәлім-тәрбие алуына үлес қосамын деген ниетті жандар бұл күнде Новоильин ауылында қарқынды басталған мешіт құрылысына мүмкіндігінше қол ұшын беріп, сауаптан үлес алуға асығып жатыр.
Бұл ең бастысы елдің береке-бірлігімен бітіп жатқан игілікті іс. Расымен де, «көп түкірсе көл» дейді. Ауыл тұрғындары да өз алдына қаражаттарын жинастыруда. Аудандық мешіттің ұйымдастыруымен аймақтық волейболдан мешіт аралық жастар арасында өтті. Лисаковск қаласынан 1 команда, Рудный қаласынан 2 команда, ал Қостанай қаласынан 1 команда және аудандық Әйет мешітінен 1 команда қатысып, 1орын «Намыс» командасы Қостанай қаласына, 2 орын «Сұнқар» командасы Рудный қаласына, 3 орын Әйет мешітінін командасы иеленді. Новоильин ауылындағы салынып жатқан мешітке «Өз үлесінді қос» акциясы аясына өз үлестерін қосып, әр команда 10 мың теңгеден мешіт құрлысына табыстады.
Мешіт салуға жәрдем ету адам баласына келе жатқан жамандықтың бетін аулақ ететін ізгі амалдардың бірі. Мұсылман баласының жаны қайырымдылыққа жақын келеді. Сауабы мол іске үлес қосып, қайырымдылық жасауға жарысайық ағайын!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане