- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 04.05.2023 07:00
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 506
1 мамыр- ел халқының бірлігі күні біздің тарихымызда ыждаһатпен аталып, берік дәстүрге айналған қасиетті мереке болып отыр. Өйткені, бейбітшілік пен тұрақтылық басты байлығымыз бен жетістігіміз болып табылады.
Тобыл кенті 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, әдеттегіндей, мерекені мейлінше қыздырған мекен кенттегі орталық алаң болды. Аталмыш шарада бір шаңырақ астындағы бір атаның баласындай әр түрлі ұлттардан құрылған Тобыл мекемелері орталық алаңға киіз үй тігіп, тұрғындарды әр ұлттың тағамдарынан дастархан жайып, дәм ауыз тигізді. Айтулы мерекеде Тобыл әкімі Есмағамбетов Аманжол Бауыржанұлы жиылған халықты мерекемен құттықтап, еңбегі мен белсенділігімен көзге түскен, өз саласының үздіктерін алғыс хатпен марапаттады. «Думан» Мәдениет үйі көркемөнерпаздар ұжымы көрермендер алдында өз өнерлерін көрсетіп, еліміздегі татулық пен тұрақтылықты дәріптеді. Ал, спорт сүйер жандарға арнап түрлі спорттық шаралар өткізілді.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болсын. Ынтымағымыз арта берсін!