Менің атам соғысқа қатысқан

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_18_182023-18.jpg

Біз тарихтан оқып-біліп жүрген 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында талай ананың баласы шейіт болып, талай ұл-қыз әкесіз өсті.
Бүтіндей ел арыстай ұлдарынан айырылды. Отан үшін от кешіп, қайыспай шайқасқан ата-бабаларымыздың ерлігі бізге бүгінгі бейбіт күнді сыйлады.
Сол үшін де елім деп қолына қару алып, қасық қаны қалғанша жаумен алысқан батыр ерлердің ерлігін естен шығармау, ұлық тұту ұлы парызымыз.
- Менің де атам соғысқа қатысқан, - деп бастады сөзін, шөбересі Тупикин Степан №1 Тобыл ЖББМ 6 «Б» сынып оқушысы. - Атам Тупикин Иван Иванович 30 тамыз күні 1923 жылы Казинка ауылында туып-өскен. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, 87 атқыштар дивизиясында Украинаны фашистерден азат етуге қатысқан. 1943 жылы аяғынан жараланып, госпиталға түскен. 1944 жылы Германияны жеңуге қатысқан. Атам Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мерейтой медельдарымен, батырлығы үшін медальдармен, марапатталған. Жауды жеңіп, соғыстан кейін әжеміз Елезаветамен бақытты өмір сүрген. 2 қыз, 1 ұл өсіріп, олардан 6 немере мен 2 шөбере сүйген. Оның өмір жолы біз үшін үлгі-өнеге. Өйткені ол, сол сұм жылдарда фашизмге қарсы тұрып, Жеңісті жақындатуға үлес қосты. Соғыстан кейін еңбекқор атам техниканы жақсы меңгергендіктен, техника жөндеп, гараж меңгерушісі болған. Өзіне жүктелген міндетін де абыроймен атқарған.
Жеңіс күні бүгінгі ұрпақ, жат жерде шейіт болған аға ұрпақтың ерлігіне құрмет көрсетіп, олардың рухы алдында тағзым етеді. Еліміздің тыныштығы үшін жанын қиып, ерлік жасаған аталарымызды еске алып, ерліктері алдында бас иеміз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане