- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 01.06.2023 07:02
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 467
Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.
Отаншылық сезімі, өз еліңе деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен басталады. Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады.
№2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің фойесінде Мемлекеттік рәміздер бейнеленген бұрыш бар. Әр жас бүлдіршіннен бастап, үлкендерге дейін патриоттық сезім оятып, рух беретін фойеде Қазақстан елімізді және рәміздерімізді дәріптейтін кітап көрмесі орналасқан. Қазақстан рәміздері күніне орай мерекелік патриоттық сағат өтіп, оқушыларды қасиетті туымыз, Елтаңба мен Әнұранымыз туралы білімдерін тереңдете отырып, саяси сауаттылықтарын арттырды. Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтық белгісі- мемлекеттік рәміздерді қадір тұту болып табылады.
- Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.– деп, №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы Бірмағанбетова Айгүл Айтбайқызы Рәміздер күніне арналған тәрбие сағатын өткізді.
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.