Мемлекеттік қызмет-абыройлы міндет

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_25_252023-222.jpg

Мемлекет мүддесін биік қойып, асқақ мұраттарға жету жолында адал қызмет ету – әрбір азаматтың парызы.
Ал, мемлекеттік қызметшіге қойылар жауаптылық та, талап та өте жоғары. Белгіленген мемлекеттік қызметтің жауапкершіліктерін абыроймен атқару басты міндет. «Жұртың үшін аянба – азаматтығыңа сын» дейді дана халқымыз. Қай кезеңде де атқа мінер азаматтың абыройы халқына қалтқысыз қызмет етіп, елінің игілігі жолында толассыз төккен терімен өлшеніп отырғаны белгілі.
Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Мереке қарсаңында мемлекеттік қызметте еңбек еткен ардагер, қазір зейнеткер Филянович Наталия Викторовнамен кездескен едік. Наталия Викторовна 2012 жыл мен 1989 жыл арасында мемлекеттік қызметте халық депутаттар кеңесінің орынбасары, басшысы, сонымен қатар Тобыл кентінің әкімінің орынбасары қызметін 2003 жылға дейін қызмет жасады. 2003-2013 жылдары Тобыл кенті әкімі аппаратының бас маманы болып еңбек етті. Наталия Викторовнаның 2 ұлы, 2 немересі бар. Жас кезінде ән айтып, аудандық «Молодые» ән ансамблінің солисі, ал 1984 жылы «Қостанай зори» ансамблінің солисі болған. Қазір зейнеткер Наталия Викторовна өлең жазып, бау-бақша өсірумен айналысады. Сонымен қатар ол торт пен тәттілер пісіреді.
- Өз өмірін мемлекеттік қызметке арнаған әріптестерімді мерекемен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, шыдамдылық және алға қойған мақсаттарыңызға жетуіңізді тілеймін. Мемлекеттік қызметте тек жоғары білімі бар адамдар ғана емес, сонымен қатар жоғары ұйымдасқан, шынайы және мейірімді адамдар болуы керек. Мақсат-халыққа қызмет ету. Сіздердің асыл еңбектеріңізге сәттілік тілеймін,- деп, өз құттықтауын жолдады Наталия Викторовна.
Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің айнасы. Тәуелсіз Отанымыздың тұғырын биіктетіп, ел ертеңінің еңселі болуына мемлекеттік қызметшілердің қосар үлесі орасан зор екені сөзсіз. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, өлкеміздің өркендеуіне ерен еңбек сіңіріп жүрген ауданымыздағы барлық мемлекеттік қызметшілерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларына бақ-береке тілейміз! Еліміздің жарқын болашағы жолында атқарып жатқан жұмыстарыңыз жемісті болсын! Мереке құтты болсын!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане