- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 22.06.2023 06:48
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 557
Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі жаңа мерекелермен толықты. Елімізде «Әкелер күні» мерекесі пайда болды. Үкімет басшысы тиісті қаулыға қол қойды.
«Әкелер күні» мерекесі маусымның үшінші жексенбісінде ауқымды түрде атап өтіледі. Біраз жылдан бері халықаралық деңгейде тойланып келеді. Бірақ біздің елімізде бұл мереке бірінші рет тойланып отыр. Отан отбасынан басталады. Осы отбасының тірегі – отағасы. Бүгін елге қалқан болған, жұртқа пана болған әкелер қиын-қыстау кезеңде халықты қорғаған ел ағалары мықты болғандықтан, бізге осынау ұлан-ғайыр жер бұйырды.
Тобыл кентінде спорткешенінде «Думан» Мәдениет үйі мен Тобыл Жастар Орталығы ұйымдастырған Әкелер күніне арналған «Әке - отбасының тірегі» атты сайыс өтті. Қатысушылар өздерін таныстыра отырып, кедергілерден өту, гир көтеру, қол күрес спорт түрлерінен өз шеберліктерін көрсетті. Жеңімпаздар Қуантай А.С., Бірмағанбетов А.Б., Сатанбаев Н., Жұтакбаев А. Тобыл әкімінің мадақтамасымен, сыйлықтар және медаль табысталды.
Әке – баланың қорғаны. Баланың өмірінде қиындықтар болса, оған сенім ұялататын – әке. Әке шығу жолын көрсетеді. Әкесі бар бала тұрақты болып өседі. Әрбір перзент өзінің әкесімен мақтансын! Әкелер күні құтты болсын!