Жасыл елдіктер жалынды қызмет етуде

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_25_874.jpg

Дана халқымыз: «Әркімнің туған жері- Мысыр шаһары» -деп бекер айтпаса керек.
Өз Отанымыздың гүлденіп, етек жаюуы жолында өз үлесімізді қосу әрбір перзенттің парызы іспетті. Бүгінгі таңда, осы іргелі іс «Жасыл ел» еңбек жастарының қолдауына ие болуда. Жасыл елдіктердің басты мақсаты еліміздің гүлденіп, өркендеуі жолында жастарды еңбекпен қамтамасыз етіп қана қоймай, жастар арасында экологиялық тәрбиені насихаттау болып табылады. Жас ерекшелігі 16-29 жас аралығындағы белсенді жастар еңбек ету арқылы, өз туған жерінің гүлденуіне үлес қоса алады.
Тобыл кентінде белсенді жастарымен құралған еңбек жасағы жыл сайын қарқынды жұмыс атқарады. Еңбек жасағының құрамына биыл 15 адам қабылданып отыр. Осы орайда Тобыл кенті «Жасыл ел» еңбек жасағының белсенді мүшелерімен арнайы сұхбат алған болатынбыз.
- «Жасыл ел» еңбек жасағында қызмет еткеніме бір айға жуық уақыт болды. Бірге қызмет етіп жүрген жастардың көбісі өзімнің қатарластарым. Еңбек етіп, қаржы тауып қана қоймай туған елді көгалдандыруға қолымыздан келгенше үлес қосып жатырмыз. Жасыл елде жұмыс істеу арқылы көптеген жақын достар таптым. Біз қазір жасыл елдіктермен бір отбасымыз, -дейді «Жасыл ел» еңбек жасағының белсендісі Айгерім Ткач.-«Жасыл ел» – тек патриоттардың, елін сүйетін азаматтардың орны. Әр адам өз елінің патриоты болуы керек. Осы орайда аянбай еңбек етіп, өз туған жеріміздің мәртебесін көтеру әр ел болашағы болып саналатын жастардың міндеті.
Жастар – ұлт келешегі, қоғам айнасы. Оларға қарап ертеңгі күннің, болашақтағы қоғамның қандай болатынын болжаймыз. Сондықтан да олардың қызығушылығын қоғам игілігіне қарай бет бұруы дұрыс дүние. Жалпы, қандай елде болсын азаматтарының, жастарының ел ісіне араласуы жақсы құбылыс. Ең бастысы – жастардың бос уақытын еңбекпен, тиімді өткізе білуі. Аталмыш бағдарлама Қазақстанның барлық аймақтарында жалғасын тауып, еліміздегі еңбекқор жастардың мекеніне айналғаны сөзсіз. Жылына көптеген жастар жұмысқа қабылданып, өңірдің гүлденуіне айтарлықтай үлес қосып жатыр. Осы бағдарлама ая­сын­да еңбектеніп жүрген жастар бүгінгі күнде көше­лер­ді абаттандыруға көмектесіп, демалыс аллеясын алаңдардағы гүлдерді суарып, арам шөптерден тазарту сияқты игілікті іс жасау барысында үлкен бел­сенділік көрсетуде. Осы бағдарламаның арқасында көптеген жастар өз елінің экологиясын дамытып, еліне көптеген пайдаларын тигізіп жатыр.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане