Тобыл кентінде Астана күні мерекесі өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_28_282023-4.jpg

5 шілде күні Тобыл кентінде «Ұлт рухы» аллеясында 6 шілде – Астана күні мерекесіне орай «Асқақтай бер Астанам!» атты іс-шара өтті. Шараға тұрғындары мен қонақтары, белсенді жастар қатысты.
Мерекелік іс-шарада Тобыл кенті әкімінің орынбасары Назарбаев Е.К. құттықтау сөз сөйлеп, айбынды Астананың 25 жылдығы еліміз үшін қуанышты мейрам екенін атап өтті.
- Астана - бүкіл еліміздің қарышты дамуының нышанына, жаһандық сәулет өнеріндегі қайталанбас «Ғасыр жобасына» айналды. Ұлы Даланың елордасы әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықтың басын қосатын халықаралық бітімгерлік алаңы болып танылды. Астанада дүниежүзілік мәселелер талқыланып, жалпы адамзаттық озық идеялар жүзеге асырылуда. Астана қаласының 25 жылдығы құтты болсын! Еліміз дамып, өркендей берсін,- деді Тобыл кенті әкімінің орынбасары.
Мерекелік іс-шарада музыкалық ән шашумен «Думан» Мәдениет үйінің өнерпаздары орталық алаңды әсем әнге бөлеп, мерекелік кеш ҚАРАОКЕ-мен ән айтып сайысқа түсті. Балаларға ойын алаңы ұйымдастырылды. Кеш соңында ДИСКОТЕКА тобылдықтар мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане