Красносель ауылында көпфункционалды спорт алаңы пайда болды

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_31_532375753737373.jpgМемлекет басшысының Жарлығын іске асыру үшін ағымдағы жылдың басында Үкімет Ауылдық аумақтарды дамытудың тұжырымдамасын бекітті.
Тұжырымдама ауылдық аумақтардың географиялық ерекшеліктері мен артықшылықтарын ескере отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін аша түсуге бағытталған. Оның аясында ауыл тұрғындарының табысы мен тұрмыс сапасын арттыру бойынша түрлі шаралар қарастырылған. Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы қараша айында ҚР Президенті лауазымына кіріскеннен кейін осы Тұжырымдаманы әзірлеу туралы Жарлыққа қол қойды.
Құжатта «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында республика бойынша ауыл тұрғындарының 90% өмір сүріп жатқан даму әлеуеті жоғары 3,5 мың ауылдық елді мекенді (АЕМ) кешенді жаңғыртуға баса назар аударылған. Мұндай елді мекендер адамдардың еңбек етіп, өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасау есебінен экономикалық өсудің жаңа нүктелеріне айналады.
Негізгі мақсаттардың бірі – ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту. Атап айтқанда, жаңа мектептер мен медициналық нысандар салынып, сумен және электрмен үздіксіз жабдықталады, кең жолақты интернет және ғарыштық байланысы тартылады, ауыл жолдарының сапасы жақсарып, кітапхана, клуб, музей және кинотеатр, спорт ғимараттары сияқты мәдени нысандар салынады, халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылады.
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Красносель мектебінің ауласында жаңа көпфункционалды спорт алаңы пайда болды. Ашылу салтанаты өткен айдың басында, яғни Астананың мерейтойына орайластырылған болатын.
Алаң салу туралы шешім "Варваринское" АҚ басшылығының халықпен кездесуінде қабылданды. Құны 22 млн. теңге болатын жоба кәсіпорынның Бейімбет Майлин ауданының әкімдігімен әлеуметтік әріптестік туралы меморандум аясында іске асырылды.
"Варваринское" АҚ Қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы Антон Труханов пен Красносельское ауылының жас спортшысы, боксшы Руслан Байзақовқа символдық қызыл лентаны кесіп, нысанды ашу құқығы берілді.
Алаң көпфункционалды, үш аймағы бар: жасанды жабыны бар шағын футбол алаңы, жағажай волейбол алаңы және әртүрлі жастағыларға арналған спорттық заттар бар.
Алаңның пайда болуының маңыздылығын спорт туралы, ардагері Игорь Карачев былай дейді: "соңғы жылдары мен балалардың тіпті допты тепкенін көрген емеспін, енді мұнда әркім өз қалауы бойынша және өз деңгейінде орын табады. Дене шынықтыру мұғалімдері сапалы сабақтар өткізе алады, спортшылар жыл бойы ашық ауада жаттығулар жасай алады, ал жастар өз денелері мен рухтарын шыңдай алады. Бұл біздің спорттық аралымыз! Баршаңызды осынау меркемен құттықтай отырып, біздерге үлкен сый жасаған "Варваринское"АҚ-ға алғымызды білдіріп, қолдауға шақырамын!»
Ашылу салтанатынан кейін мектепке "Варваринское" АҚ – ның өкілдері 10 спорттық доп сыйға тартты, алаңның жанына шырша көшеттері отырғызылды, содан кейін алғашқы ресми футбол матчы өтті.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане