«Ыстық нан» наубайханасы

Бидайдан дайындалатын негізгі өнім – нан негізгі қоректік өнім.
Нан-адам тіршілігіне аса маңызды қоректік тағам болып табылады. Тамақ өнімдері ішіндегі көшбасшылардың бірі болып нан пісіру саласы саналады. Оның өнімі ең керекті және оған деген сұраныс әрдайым жоғары болып табылады. Нан пісіретін наубайханалар стандартты ақ нан мен қара нан өндірісі бойынша және нан түрлері, мысалы, диеталық, ұлттық, эксклюзивті және т.б. нандар пісіру бойынша нарықтан орын алып, жақсы табыс табады.
Тобыл кентіндегі Гоптарева И.П. «Ыстық нан» наубайханасында ыстық бөлке нанмен бірге тәтті нандар, бәліштер, тоқаштар мен пиццалар пісіріп, сатылады. Күн сайын көптеген тұтынушылардың жүрегін жаулап алатын нан өнімдерінің кең таңдауымен танымал. «Ыстық нан» наубайханасы 24 сағат жұмыс істейді. Өндіріс үзіліссіз. Өйткені сұраныс жоғары. Наубайхана нан пісіруге қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілген. Наубайхана өнімдері тұтынушы тарапынан жоғары бағалануда. Ең бастысы дайындалған өнім сөреде тұрып қалмайды. Ал баға – қолжетімді, сапа – көңілге қонымды.
Қазіргі таңда кішігірім кәсіп ашып, оның жұмысын одан әрі жандандырып, санаулы уақыт ішінде іргелі кәсіпорынға айналдыруға ешқандай кедергі жоқ. Бұл ретте бастысы қаражат емес, білім мен бірлік. Осылайша өңірде кәсіптің көзін таба білгендердің әл-ауқаты жақсарып, ауданымыздың экономикасы арта түспек.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане