- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 03.08.2023 06:28
-
Автор: Super User
-
Просмотров: 521
Жыл сайын тамыз айының алғашқы жексенбісін қазақстандық теміржолшылар асыға күтеді. Себебі дәстүр бойынша бұл күні Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді. Бұл мерекенің ежелден тілге жатық атауы – теміржолшылар күні.
Ол темір жол көлігі тасымалы саласында еңбек еткен, әлі де қызмет етіп жүрген, кешегі-бүгінгі барша теміржолшыларды, яғни жүз мыңдаған адамды біріктіретін айрықша маңызы бар мереке. Магистраль майталмандарының ерен еңбегі еленіп, мерейі үстем болатын күн.
Бүгін біз Тобыл теміржол вокзалы жұмысы жөнінде айтпақпыз. Вокзал көлік желісінің пойыздарды қабылдауды және жөнелтуді, қамтамасыз ететін арнайы құрылғылармен жабдықталған объекті болып табылады. Теміржол вокзалы жолаушыларға қызмет көрсетіп, пойыздар қозғалысын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Нысанның жұмысы пойыздар қозғалысының кестесіне, оларды қалыптастыру жоспарына, техникалық құрал-жабдықтар мен технологиялық процесті тиімді пайдалану бойынша ұйымдастырылған. Әрбір вокзалдың технологиялық жұмыс процесіне вокзалдың техникалық экономикалық және өндірістік сипаттамасы, жолаушылар легін өткізу жүйесі, жолаушыларды мінгізу-түсіруді ұйымдастыру, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қамтамасыз етілген. Вокзалда көп жылдан бері өз қызметтеріне жауапкершілікпен қарап, беделді жұмыс атқарып жүрген теміржол вокзалы кезекшілері Евдокимова В.Н., Ауканова Г.Р., Сисенбаева Г.М., Нурахметова Н.А., Рахимова Р.К., Серғали А.Х. және вокзал ғимаратын ішін тазартушы Багирова Е.Ф. айтып өтуге болады. Теміржол вокзалында жолаушыларға қызмет көрсету үшін көптеген жағдай жасалған. Билет кассалары, төлем терминалдары, пойыздардың жол жүру кестесі, ақпараттық-анықтама тақтасы ілінген. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да жағдай жасалған. Сонымен қатар ана мен бала бөлмесі, күту залы, намазхана, дүңгіршектер, полиция бөлмесі, яғни қоғамдық тәртіпті сақтау пункті бар.
Теміржолшылардың кәсіптік мерекесіне орай Тобыл станциясының вокзал басшысы Күнтуов Муханбетали Дүйсенбекұлы барлық теміржол саласындағы әріптестеріне өз жүрекжарды тілегін білдірді:
- Еңбекқорлық, жауапкершілік және адалдық – бұл әрбір теміржолшының бойынан табылатын қасиеттер. Бүгінгі күні теміржол саласында еңбек етіп, еліміздің дамуы жолында, ел игілігі үшін елеулі жұмыс атқарып келе жатқан теміржолшыларды қоғамдық маңызы зор жауапты қызметтегі біліктіліктеріңіз бен көлік және байланыс саласындағы сүбелі үлестеріңізге осы мерекелі күнде мықты денсаулық, толайым табыс, отбасылық амандық және несібелі жетістіктер тілейміз!
Қазақ темір жолының даңқты тарихы мен дәстүрі – ел экономикасының сенімді әрі берік іргетасы. Қазақстан экономикасының өсіміне теміржолшылардың қосқан үлесі орасан зор үлесі. Себебі жүк тасымалы болмаса, сауда-саттық болмайды. Барлық жолаушы және жүк тасымалының ішінде ең үлкен үлес темір жол саласына тиесілі. Ендеше, ел дамуына елеулі үлестерін қосып жүрген теміржол қызметкерлерін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз.