- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 31.08.2023 07:08
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 388
Бүгінде Қазақстандағы ауылдарда кадрлар тапшылығы түйіткілді мәселелерді бірі екені белгілі. Осыған орай, мемлекет 2010 жылдан бері жас мамандарды қолдау мақсатында «Дипломмен – ауылға» бағдарламасын ұйымдастырып келеді.
Аталмыш бағдарламаның негізгі мақсаты - елді мекендердегі ұстаз, дәрігер, инженер және т.б. маңызды мамандықтармен қамтамасыз ету, жұмыссыз жастардың санын азайту. Тобыл кентіндегі жас мамандар Алтай Назерке, Әжіғали Айбол, Есімхан Жансая №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің география, дене шынықтыру, ағылшын пәндерінің мұғалімдері. Жас мамандардың сөзінше, бағдарламаның ең басты артықшылығы - мемлекеттің жас мамандарды баспанамен қамтамасыз етуі.
- Бірінші кезекте баспана мәселесі мені қатты қызықтырды. Екінші жағынан тәжірибені ауылдан жинайын деп шештім. Үшіншіден қор жинағым келді. Негізі қазір кезде ауыл-қала болып бөлінгенімен бар нәрсе ауылға да тікелей жетіп отырады. Сондықтан ондай ауыз толтырып айтатындай айырмашылық жоқ десем болады. Ауылдық жерде жұмыс істегеннің тағы да бір артықшылығы жалақыңызға 25% қосылады. Мемлекет аталмыш бағдарлама аясында ауылға аттанған жас мамандарды осылай қолдауда. Бұған қоса, жыл сайын біліктілігіңізді арттыру курстарын өтіп, тағы да жалақыңыздың қосылып отырады.- дейді жас маман Алтай Назерке.
- Жас мамандарға айтатыным: «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы арқылы мемлекет ең маңызды баспана мәселесін толығымен шешіп береді. Ал өз үйің болғаннан кейін материалдық жағын реттеу де ыңғайлы болады. Қазір ауыл десе, көбі ат тоңын ала қашады. Бірақ ауылдарда барлық жағдай жасалған: интернет те, жол да, бәрі бар. Бұған қоса, ұстаз ретінде саналы ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу үшін жастарды дәл осы ауылға шақырамын, - дейді Есімхан Жансая.
Ұстаздар жастарды ауылда жұмыс істеуге шақырады. Мемлекеттік бағдарламалар бiрiн-бiрi толықтырады: «Дипломмен ауылға!» жастарды ауылға келуге үндесе, «Ауыл жастары» жастар ұйымдарын қолдауға, ауылдық жастар мәселелерiн көтеруге, түрлi қоғамдық шаралар өткiзуге бағытталған. Жастар қоғамдық өмiрге белсене араласуды, өйткені елдiң болашағы жастарға тiкелей байланысты.