Конституция күніне орай шағын футболдан ашық турнирі өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_36_362023-10.jpg

Ата заңымыз Конституция күніне орай Тобыл кенті спорт кешенінде аудандық кубогіне шағын футболдан жарысы өтті. Жарысқа Денисов ауданынан, Лисаков, Қостанай, Рудный қалаларынан және Б.Майлин ауданы құрамасы мен Балалар мен Жасөспірімдер спорт мектебі командалары қатысты.
Тартысты жарыс барысында жүлделі І- орынды Қостанай қаласы командасы, жүлделі ІІ-орынды Рудный қаласы командасы, үздік үштікті Б.Майлин құралған құрама еншіледі. Жеңімпаздар мен үздік ойыншылар кубог, медаль, алғыс хат және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Бұл спорттық шара бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане