- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 07.09.2023 08:08
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 486
Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алды, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
Оқушылардың ала жаздайғы асыр салып ойнаған, бірі қалаға, бірі демалыс орындарына барып тыныққан мерзімдері аяқталып, жаңа оқу жылы басталды. Бала үшін мектеп үлкен өмірге алып кірер киелі босаға болса, ата-ана үшін ол ұрпағына қатысты ең асыл арманына үміт жалғайтын қасиетті ұғым. Сондықтан да халқымыз қашан да білімнің парқын түсіне білген.
Жылдағы дәстүрге сай 1 қыркүйек –«Білім күні» мерекесінде Тобыл кенті мектептерінде салтанатты жиындар өтіп, алғашқы қоңырау үні соғылды. Әнұранмен ашылған алғашқы қоңырау салтанатты шарада аудан басшысы барлық оқушыларға, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге алдағы уақытты жақсы білім мен тәрбие алуға, еліміздің үлгілі азаматтары болып қалыптасуына тілектестік білдірді. Сонымен бірге, Ардагер ұстаздар және шаттыққа толы қуанышты күнге балдырғандарын жетектеп әкелген ата-аналар өздерінің мерекелік лебізін жеткізді. Жаңа оқу жылындағы құттықтаулардан кейін егемен елдің болашақ ұрпақтары, мектепке енді ғана қадам басқан бірінші сынып оқушылары жалықпай білім іздейтіндіктерін білдіріп, өлең шумақтарын оқыды.Оларға мектеп бітіруші түлектері қанаттарының талмауын тілеп, сыйлықтарын табыс етті. Салтанатта сонымен бірге, мектеп өнерпаздары ән шырқап, алғашқы қоңырау үні сыңғырлап, барша оқушыларды алғашқы сабаққа шақырды. Жиын барысында көптен күткен күміс қоңырау соғылып, білім ордасының тәжірибелі ұстаздары мен білікті мамандары оқушыларды білім нәрімен сусындататын болады. Білім ордалары 2023-2024 жыл оқу жылына №1 Тобыл жалпы білім беретін мектебінде қазақ және орыс тілдерінде шағын орталық ашылды. Биылғы жылдан бастап, Приозерный мектебінің жоғарғы сынып оқушылары мектеп автобусымен қатынап оқытылатын болды.Ал, №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінде биылғы жылы 3 жас маман- информатика, математика, бастауыш сынып мұғалімдері қосылды. Тобыл жалпы білім беретін мектебіне Тютюнник Марина Николаевна жаңа басшы міндетін атқарушы болып орналасты. Бұл мектепте балаларды мектепалды даярлық сыныбы ашылды.
Білім күні – 1 қыркүйек кез келген бала мен бүлдіршіннің өмірі үшін маңызды жайт. Әсіресе, мектеп табалдырығын енді аттаған бала мен ата-ана үшін орны ерекше. Міне, кеше ғана тілі былдырлап, енді ғана тәй-тәй басып жүрген бүлдіршініміз үлкен азамат болып, мектепке барып қалған екен. Қуаныш ұзағынан сүйіндірсін. Ата-анасының үмітін ақтаған перзенттерден етсін. Ата-анаңның мейірім-шапағатына бөленіп, жарқыраған алтыны, еркетай елігі, ақ сәуле шашқан арайы болып, аман-есен жүрсін. Барлық ізгі армандары орындалып, өмір жолы ашық, болашағы жарқын болып, егеменді еліміздің де білікті азаматы болып өсе берсін.
Құрметті, оқушылар, білімсүйер қауым! Білім күні баршаңызға құтты болсын! Білімді азамат – елінің ертеңі, халқының болашағы. Бүгін міне, талапты да талантты жас білімгерлер жиналып, ертеңгі күннің кемелі үшін бас қосып отыр. Ата-анасының, тіпті халқының үмітін ақтауға жиылып отыр десек те болады. Қадамдарыңға гүл бітсін! Оқуда озат, өмірде жетістігі мол азамат болыңыздар!