- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 14.09.2023 08:40
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 396
Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ ұжымымен апталық өткізілді.
Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған «Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы» атты тақырыпта жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Мақсаты: мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту. Ауданның бірқатар мемлекеттік мекемелерінен, оның ішінде аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық аурухана, мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйым қызметкерлері қатысты. Барлығы 52 адам қамтылды.
Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Менің таңдауым – қазақ тілі!» челленджі ұйымдастырылды. Челлендждің мақсаты – қазақ тілі арқылы қазақстандық бірегейлікті нығайту, барлық қазақстандықтарды мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі идеясының айналасына топтастыру, азаматтардың, оның ішінде өскелең ұрпақтың санасында қазақ тіліне деген құрмет пен қызығушылықты арттыру. Челленджге қатысушылар әлеуметтік желілерде қазақ тілін неге сүйетіні туралы өз ой-пікірлерімен, қалай үйреніп-меңгергендері туралы тәжірибелерімен бөлісті.Челленджге «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы Байжанова Наталья, «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ бас маманы Кузьмина Татьяна мен Ольга Павловна, «Красносельск ауылының мәдениет үйі» ММ мәдени ұйымдастырушысы Разиля Рауфовна қатысты.
Набережный ауылдық округіндегі тыңдаушылар арасында «Мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүйуге, мемлекеттік тілдің мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Тыңдаушылардың сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу. Дөңгелек үстелді тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Өтеулин Жалғасбек өткізді.
7 қыркүйек күні «Тіл мәртебесі – ел мерейі» атты байқау ұйымдастырылды. Мақсаты- тіл туралы білімдерін кеңейту және тереңдету, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру. Байқау 3 кезеңді қамтыды:1 - кезең: – «Кім жылдам? » сұрақ-жауап; 2 – кезең :«Жеті жұрттың тілін біл»; 3 – кезең: Ұяшықтарда жасырылған әріптерге сөздер айту. Байқауға ең белсене қатысқан қатысушылар Гаврильенко Ольга, Мурзагулова Гульнара. Барлық қатысушылар алғыс хаттар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.
Қорытындылай келе, Тілдерді оқыту ұжымының атынан аталған іс-шараларға қатысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.