Жаздың бір күні - қыстың бір айына азық

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_38_382023-8.jpg

Жаз мезгілінде демалып қана қоймай, қыстың қамын ойлағанымыз жөн. Қазірден бастап тосап пен түрлі салат дайындап қоятын болсақ, қыста рахаттана отырып жейтін боламыз.
Дәл қазір көкөніс бағалары арзандап, самсап пісіп тұрған шағы. Ал, қысқа дайындық жасап, "банка жауып алу", әрине, әйелдердің жылдағы үйреншікті шаруасы. Алайда бүгінгінің балалары не берсең соны жей бермейді. Таңдап, талғап барып дәмін көреді. Сондықтан да қыстық салаттардың да «дұрысырағын» жабу керек.
«Жаз шанаңды қыс сайла» немесе «Жаздың бір күні қыстың бір айына азық» дейді атам қазақ. Өнімі мол жаз айларында адамзат баласы қысқа қам жасайды. Бірі қысқы отын жинаса, енді бірі азық-түлік қорын қамдайды. Сондай қамданудың бірі — банкі жабу. Банкі дегенде көз алдымызға түрлі қайнатпалар, тәтті тосаптар мен компот елестейді. Ал солардың арасында салаттың орны ерекше. Қысқа қайнатпаларды өте ерекше дайындайтын Тобыл тұрғыны Ауканова Айгүл Сабитбекқызымен сұхбаттасқан едік.
- Қонақ шақырарда әрбір үй иесі дастарханын жайнатып, барлық тағамдарды дәмді етіп әзірлегенді қалайды. Оның ішінде салатқа ерекше мән береді. Өйткені қызыл-жасыл, сары түсті көкөністерден дайындалатын салаттар дастарханның сәнін келтіріп, хош иісімен келген қонақтарды баурай түсетіні сөзсіз. Қыста дайындықты көкөністердің, жемістер мен жидектердің дәмі мен пайдасын барынша сақтағымыз келеді. Көбінің осындай қысқы дайындамаларға арналған өзіндік рецептері бар, ал қалғандары интернет қолданушылары мақтайтын рецепттерді сынап көреді және тәжірибе жасайды. Үйде консервілеудің барлық ережелерін сақтай отырып, тағамды дайындауды мүмкіндігінше дәл қайталай алатындай етіп, дәлелденген рецепттерді қолдану маңызды. Салаттың түрі көп. Негізгі бірнеше түрін әр жердің адамдары сәл өзгертіп, жаба беруі мүмкін. Қазір келіндер үйреніп, салат жауып жүр. Тек бас-сөз болып жүріп, айтып, үйретемін. Жылдар бойы қайталап жасай бергеннен кейін ғана қол да үйренеді. Қияр-консервілеуге арналған ең танымал көкөністердің бірі. Тіскебасардың танымалдығы консервіленген көкөністердің кез келген тағамға сәйкес келетіндігімен түсіндіріледі. Сонымен, маринадталған қияр-бұл етке, құс етіне, кәдімгі картопқа және кез келген гарнирге жағымды қосымша. Қыста мен банкалардағы көкөністерден және жемістер мен жидектерден түрлі дайындамалар жасағанды ұнатамын. Дәмді бір рецептіммен сіздермен бөліскім келеді. Құрамы: сәбіз -1,5кг, кабачка-3кг, пияз- 1,5кг, сұйық май- 300гр, сарымсақ- 7-8 тісше, секер- 100гр, тұз-60гр, қара бұрыш- 1 ас қасық, томат пастасы- 350гр, уксус 70 проценттік – 1 ас қасық толтырмай барлығын қосып, қайнатамын. Ыстықтай банкілерге құйып, жабамын. Ас болсын!- деп аяқтады сөзін Айгүл Сабитбекқызы.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане