Еңбек - түбі береке

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_39_392023-9.jpg

Еңбек – адам өмірінің мәні. Ешкім де онсыз мұратқа жетіп, биікке шықпайды.
Адал термен тапқан нанның да дәмі тәттілеу. «Еңбек ер атандырады» дейді халқымыз. Сондықтан да тіршілікте бағы жа­нып, абыройы асқандардың бар­лығы да қажырлы еңбекпен биікке жеткен адамдар деп айтуға болады. Еңбек күні – барлық еңбек адамының төл мерекесі іспеттес. Казір кәсіподақтар азаматтық қоғамның айнымас құрамдас бөлігі ретінде еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғауды өз қызметінің ең басты міндеті деп танып, мемлекеттіліктің нығаюына нақты үлесін қосып келеді.
Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде Еңбек күніне арналған «Еңбек – түбі береке» атты оқушылардың теміржолшымен кездесуі өтті. Шара аясында Тобыл мектептердегі 9 сынып оқушылары теміржолшы, Тобыл станциясы байланыс бөлімінің басшысы Есжанов Талғат Амантайұлымен өткізді. Бұл шараның мақсаты қоғамда адал еңбек идеясын насихаттау және жастарға еңбек құндылықтарын үйрету болып табылады. Мектеп оқушыларының болашақта мамандық таңдауы өте жауапкершілікті қажет етеді. Жастар көкейлерінде жүрген маңызды сұрақтардың жауабын арнайы келген қонақтарымыздан сұрап білді. Талғат Амантайұлы еңбек жолын айтып өтіп, теміржол мамандығының қыр сырын түсіндіріп өтті. Кеш ұйымдастырушылары кездесуге келіп, жастармен маңызды ой-пікірімен бөліскен Талғат Амантайұлына алғыс білдіріп, еңбегіне табыс тіледі.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане