Өмірге деген құлшыныс жоғалмау керек

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_41_412023-11.jpg

«Рух бекінісін сақтау үшін дененің бекінісін сақтау керек» дегендей, осы күнде мүмкіндігі шектеулі жандардың қатарынан қалмай, жұртпен бірге өмір сүріп, еліміздің дамуына өз үлесін қосып жатқаны бәрімізге аян. Олар – ел намысын қорғап жүрген жігерлі жандар. Бүгінде үкімет тарапынан рухы мықты жандарға үлкен қолдау көрсетілуде.
Тобыл тұрғыны, спортшы, өнерпаз, зейнеткер Шуинов Серік Ережепұлымен «Думан» Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен селолық кітапхана қабырғасында кездесу өткізді. Серік Ережепұлы Майлин мектебінде білім алған 1970 жылы мектепті бітіріп, Омск қаласындағы дене шынықтыру институтының волейболдан тренерлер мектебін 1972 жылы бітірген. Тобылға келіп, милицияға орналасқан. «Сегіз қырлы бір сырлы» жігіт жастайынан қоңыр дауысымен ән салады. Сол жылдары «Алло , біз таланттарды іздейміз!» атты бүкілодақтық сайысқа қатысып. Алматыда жеңіске жеткен. Консерваторияға түсіп тұрса да, отбасылық жағдайымен ауылға анасының жанына келді. Ән айтқанды ұнататын Серік Ережепұлы бірнеше рет аудандық, облыстық, республикалық ән байқауларына қатысып, жүлдегер атанған. Қостанай педагогикалық институтының тарих пәні мұғалімі мамандығын сырттай бітіріп, №215 мектепке жұмысқа орналасып, бірнеше жыл ұстаздық еткен. Кейін аудандық спорт комитетінде төраға қызметін атқарды. Кейін отбасылық жағдайына байланысты Тобыл мектебінде мұғалім болды. 1976 жылы үйленіп, 2 баланы тәрбиелеп, қазір 5 немере, 1 шөбере сүйіп отыр. 2010 жылы Тобылды спорт кешені салынып, тренер әдіскер болып еңбек етті. Волейболдан спорт мастері. 1913 жылы инсульт алсада, спорт жағын басқарып, жұмыстан қол үзбеді.
- 1913 жылы инсульт алдым, ал кейін 2021 жылы операция жасады. Костанай қаласының дәрігерлеріне ризамын. Үшінші топтағы мүгедектігім бар. Жақсы күтінудің арқасында және жұбайым дәрігер, ол кісінің арқасында жақсы емімді алдым. Жағдайым жақсы. Денсаулыққа қарау керек. Менің айтарым, ешқашан мойымай, тек алға ұмтылу керек. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жыл сайын қолдау көрсетіліп келеді. Әр адамның бойында сан алуан сезімдер болады, осының барлығын адам өмірге талпынысы мен ерік-жігерінің арқасында жеңіп шыға алады. Барлық ауылдардан мүмкіндігі шектеулі жандарды аудандық Мәдениет үйіне шақырып, керемет кеш өткізілді. Өте ризамын,- деп Серік Ережепұлы өз лебізін білдірді.
«Кедергісіз орта» құру кемел болашаққа жасалар қуатты қадам болмақ. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірге деген құлшынысын арттыру қоғамның, яғни қоғамның әр мүшесі біздің міндетті борышы.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане