- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 12.10.2023 07:47
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 470
Осы бір керемет атауды арқалаған жандарға ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де қарыздар. Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана, жаһандану талаптарына жауап бере алады. Сондықтан, білім саласы - елдің ертеңін айқындайтын, оның бəсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала.
Егемен елдің болашағын нұрландыраты , тəуелсіздігімізді тұғырландыратын өскелең ұрпақты тəрбиелеуші мұғалімдердің кəсіби мерекесі Тобыл мектептерінде оқушылардың ұйымдастыруымен өтті. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған. Сондықтан да осы ұлы мамандық иелеріне арналған мерекелік шараның мақсаты ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтау, ұлы мамандыққа бас ию, құрмет көрсету болып табылады.
«Ұстаз- мектеп жүрегі». Ұстаздық жолды таңдаған әрбір маман иесі бұл сөздің мағынасын тереңінен түсінетін анық. Ұстазына қарап мектептің қандай екенін білуге болды. Биылғы жылдағы дәстүрлі «Ұстаздар» мерекесі әдеттегіден өзгеше деңгейде өтті. Қазан айының бірі күні мектептерде «өзін-өзі басқару» күні ұйымдастырылды. Бір апта бұрын «өзін-өзі басқару» күнін ұйымдастыру жоспары жасалып, сол жоспар бойынша жүзеге асырылды. Жоғарғы сынып оқушылары төменгі буындарға мұғалімдердің орнына сабақ берді. Бастауыш сыныпқа бөлінген тәлімгерлерде қалыс қалмады. Оқушылар ұстаз болып, шеберліктерін байқата білді. Әрбір оқушы өзіне тиесілі сабақтарға жоғары деңгейде дайындалып, өздеріне сабақ берген ұстаздарынан алған тәлім-тәрбиелерін іс жүзінде тамаша қолдана білді. Тіпті кейбір оқушылар оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, сабақтарын қызықты өткізіп, ұстаздарының көңілінен шыға білді. Бірі директор болып басшылықты қолына алса, бірі тәрбие жұмысының меңгерушісі болып, бір сәт болсын өздерін білікті маман ретінде көрсете білді. Оқушылар сапқа тұрып, ұстаздарға ыстық ықыластарын білдіріп, мерекемен құттықтады. Оқушылар ұстаздарына арнаған мерекелік концерттері ұйымдастырып, мұғалімдердің көңілдерінен шықты. «Өзін-өзі басқару» күні жоғарғы деңгейде өтіп, алғысқа кенелді. «Шәкірттің жемісі-ұстаздың жемісі» деген осы болар бәлкім. Ұстаздың әділдігі, адалдығы, батылдығы, мінез сұлулығы, іс пен сөз бірлігі, шыншылдығы, ұстамдылығы күн сайын балалар тарапынан баға алып отырады. Барша ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтай отырып, баулыған шәкірттеріңіздің жеңісін көре беріңіздер демекпіз.