Мектепте өнер тарландарымен кездесу өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_44_1-6.jpg

Мектеп… Осы бір сөзде үлкен мән-мағына жатыр. Осы бір сөзден біздің бүкіл өміріміздің алғашқы баспалдақтары басталады. Кімге де болса он бір жыл білім берген, адалдыққа, кішіпейілдікке, мәдениетке үйреткен, болашаққа жолдама беретін алтын ұя мектебі қымбат. Біздер үшін өміріміздің алғашқы қадамы басталған жер әр кез кімге болса да ыстық. Мектепте балалар тәлім-тәрбие, білім алады.
Тобыл №2 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының тұжырымдамасына сәйкес ұлттық рух пен патротизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, эмоционалды интеллекті қалыптастыру, айтысты қазақ халқының ұлттық құндылылығы, шешендік өнердің баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу арқылы дарынды шығармашыл жастарды анықтау мақсатында «Тәуелсіздік - тұғырым» атты мектептің жас ақындары оқушылармен және ауданымыздың танымал айтыскер ақындарымен аудандық дөңгелек үстел өткізілді.
Аудандық дөңгелек үстел қонақтары, аудандық балалар өнер мектебі басшының міндетін атқарушы Илимжанов Тайжан Аскарұлы , облыстық жыршы-термешілер байқауының жеңімпазы, республикалық жыршы-термешілер байқауларының жүлдегері Алпысов Абзал Нағашыбайұлы, Тобыл кенті «Думан» мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы, айтыскер ақын, облыстық айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, республикалық айтыс жеңімпазы Мамай Ізтелеу Тұрысбекұлы, сонымен қатар аудандық мектеп оқушылары (жас ақындар), мұғалімдер қатысты.
Аудандық дөңгелек үстел барысында елімізге танымал ақындарымыз оқушыларға, яғни, біздің жас ақындарымызға бұл өнер түрінің берер тәлім-тәрбиелік мәні орасан зор екенін, айтысты өнер деп ұғу, жырды үлкен поэзия деп түсіну қазіргі кезде ден ала бастағанын сөз етті. Сол сияқты балалар мен жастардың қазақ халқының музыкалық мәдениетіне деген қызығушылығын ояту, поэтикалық, орындаушылық және вокалдық дағдыларды қалыптастыру, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін ояту, қазақ тілінің рөлін арттыру, халықтар достығы мен бірлігін дәріптеу туралы көптеген мағлұматтар айтылды.
Дөңгелек үстел барысында жас ақын оқушыларымыз өздерінің шығарған өлеңдері мен арнауларын оқып, қонақ - ақындарымыз өзара достық түрінде айтысып, термелер орындалып, өз өнерлерін ортаға салды. Игі іс жасалып,қазақ өнері,мәдениеті,мол мұрасы дәріптелді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане