- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 09.11.2023 07:04
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 375
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арналған жолдауы білім беру саласының мамандары арасында кеңінен насихаттау мақсатында мемлекетіміздегі білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқытушыларының инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, педагогтердің біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуына ықпал етуде.
Осы мақсаттағы «Үздік жас маман » байқауы республикамыздың барлық салаларының мамандары, педагогтары арасында байланыс орнату, үздік мамандарды, педагогтарды анықтау және республика педагогтарының инновациялық әдістері мен шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған Қазақстан республикасының «Үздік жас маманы» атты байқауда жас мамандардың 5 жылғы дейінгі жетістіктері, жас ұрпақты тәрбиелеп, білім берудегі еңбектерін бағалайды.
2023 жылдың 4 қараша күні Елордамыз Астана қаласында «Bilim Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет.
Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арналған жолдауын білім беру саласының мамандары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген “ҮЗДІК ЖАС МАМАН” атты республикалық байқауға Тобыл жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Бегимбаева Асель Нуржановна және Тобыл №2 жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Лескенов Ырысхан Ибрагимұлы қатысып,жеңімпаз атанып, I дәрежелі дипломы мен «Үздік жас маман» төсбелгісімен марапатталды.
Жеңімпаз оқытушыларды құттықтап, шығармашылық табыс, өркендеу және үздіксіз даму тілейміз. Кәсіби қызметтеріңіз әрқашан сәтті болсын!