«Варваринка» АҚ қызметкерлерімен байқау өткізілді

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_45_1-8.jpg

«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Варваринское» АҚ мемлекеттік тіл тыңдаушыларының арасында «Тілім менің-тірегім!» атты байқау ұйымдастырылды.
Байқаудың негізгі мақсаты - тіл туралы білімдерін кеңейтужәне тереңдету, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту. Байқауға барлығы 9 адам қатысты. Байқау 3 кезең бойынша ұйымдастырылды, барлық тыңдаушылар берілген тапсырмаларды өз деңгейінде орындап шықты.
Тыңдаушылар мадақтамалар мен естелік сыйлықтармен марапатталды. «Варваринское» АҚ ұжымына алғыс білдіреміз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане