Газетке жазылдың ба, оқырман?

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_46_1-12.jpg

Кузина Татьяна - Тобыл элеваторының
техникалық қауіпсіздік және
еңбекті қорғау инженері

Әне, міне дегенше болған жоқ, келесі жылға баспасөзге жазылу науқаны да келіп жетті. Дөңгеленген дүниенің күнделікті хабарын, жағымды жаңалықтарды, рухани тұрғыдан өзіңе қажетті ақпаратты аламын деген әрбір адам жазылудан қалыс қалмауы керек деп ойлаймын. Сол үшін газет-журналдарды жазылып алып оқыған тиімді. Елдің күнделікті тыныс-тіршілігін, өзіңе қажетті дүниелерді газеттен қолыңа ұстап, кез-келген жерде жұмыстан қолың босап, үйде демалғанда оқуға мүмкіндік болады. Өздерің көріп, біліп жүргендей, «Әйет шамшырағы» газеті апта сайын Бееймбет Майлин ауданындағы оң өзгерістерді, жаңалықтарды жария етіп келеді. Елдің арғы-бергі тарихынан сыр шертіп, ой толғайтын әңгімелерді, оқиғаларды соңғы кезде көбірек жазып жүр. Газетке жазылсаң, күнделікті өміріңе қажетті заңдар мен мамандардың түсіндірмелерін, дәрігерлердің аурулардың алдын алу жөнінде дәрігерлік кеңестерін оқисың. Қазіргі кезде баспасөзге жазылу науқанына байланысты баспасөзді таратушылар мен «Әйет шамшырағы» газетінің қызметкерлері мекемелерге, кәсіпорындарға барып, газетке жазылуды еске салып жүргенін естіп жатырмыз. Өте орынды. Айта-айта келгенде тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, ауданымыздың хабарын жазатын «Әйет шамшырағы» газетіне жазылуды ұмытпайық, ағайын!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане