- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 23.11.2023 07:59
-
Автор: Хайрат Айнагул, «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі»КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі
-
Просмотров: 318
«№2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ ұйымдастырумен, жоспарға сәйкес «Жарқын белес» бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өткізілді.
Жыл сайын дәстүрге айналған №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің «Жарқын белес» бастауыш сынып пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндігі болып өтті. Дәстүрге сай апталықтың ашылу салтанаты ұлт ұстазы Ыбырай атамыздың «Кел,балалар оқылық!» өлеңімен бастау алды. Ашылу салтанатына барлық бастауыш сынып оқушылары қатысып, өнерлерін көрсетті. 3 сынып оқушылар Мәлік Саян, Берикбаева Аружан ақынның өлеңін мәнерлеп, нақышына келтіріп жырдан шашу шашты.
1-4 сыныптар арасында тапсырмалар шеруі орындалып, көңілді үзілістер орын алды. «Қызықтың бәрі кітапта» атты «Оқуға құштар» мектеп жобасын да жоспардан тыс қалдырмадық. «Сабақ беру – үйреншікті ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, бастауыштағы әр сабақ рухани байлықтың көзі. Демек, әр ұстаз өз шеберлігін көрсете отырып, ашық сабақтарды жаңа әдіс-тәсілдермен түрлендіріп, тамаша сабақтар өткізді.
Ашық сабақтардың мақсаты әріптестермен өзара тәжірибе алмасу, жаңа әдіс-тәсілдермен бөлісу. Сондай-ақ тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар да өткізілді. Соның бірі «Ата-аналар педагогикалық қолдау» орталығы аясында ұйымдастырылған «Өнегелі әке» атты әкелер сайысы. Бастауыш сыныптың әкелері бұл сайысқа белсене ат салысты.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда,он күнге созылған дәстүрлі шара "өте жақсы" деп бағаланды. Бұл бастауыш мұғалімдерінің жауапкершілікпен аянбай еңбек етуінің нәтижесі деп білемін. Әріптестеріме алдағы жұмыстарына сәттілік пен толағай табыстар тілеймін.