Тобыл әкімі есеп берді

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_47_47-19.jpg

«Думан» Мәдениет үйінде Тобыл кенті әкімі Б.Есмағамбетов 10 айлық жұмысы жөнінде есеп берді. Тобыл кентінде даму қарқынды түрде жүруде.
Президент жолдауы аясында берілген тапсырмаларды жүйелі түрде орындап отыр. Жүктелген жұмыспен үстіміздегі жылдың 10-айында межелі мақсатқа қол жеткізді. Міндеттелген түрлі бағыттар бойынша жұмыс жасап, бірнеше жобалар газ тарту, балалар ойын алаңын ашу, жөндеу және тағы басқа жұмыстар іске асырылды. Тобыл кенті әкімінің аппаратында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тобыл кенті әкімі А.Есмағамбетовтың есебімен танысып шыққан соң, әрбір тұрғын көкейінде жүрген сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Барлық сұрақтарға жауап беріп, шешу жолдарын ауыл тұрғындарымен бірге талқылады және тұрғындар тарапынан түскен сұрақтардың орындалу барысын айтты. Сұрақ-жауап кезегінде жолды жөндеу, бағдаршам орнату, көшелерге жарық шамдарын орнату сынды мәселелер көтерілді .


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане