Еліне елеулі азамат еді…

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_47_47-20.jpg

Калиев Амангелді,
еңбек ардагері,
Костанай
қаласының тұрғыны

Б.Майлин өңірінің сүйікті ұлы, ардақты азаматы, аудан, облыс, төңірегінде ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерге жеткен ел мақтанышы Қадамбаев Серікбай 75 жасқа қараған жасында өмірден өтті. Қаралы хабарды естігенде есеңгіреп қалғанымыз рас. Ағайын-туыс, дос-жаран, жерлестер ортасын-да орны бөлек, ерекше азамат еді.1958 жылы Қоржынкөл мектебінде оқыдық. Одан Павлов ауылындағы мектебін аяқтады. Ол 2 жас төмен сыныпта оқыды. Жастайынан спортты жақсы көретін. Орынбор ауылшаруашылық институтының зоотехник мамандығы бойынша бітіріп, Новоильинов ауылында бөлімша зоотехнигі, кейін «Кайранкөл», «Колос», «Вачасов» атындағы совхоздарда бас зоотехник болып еңбек етті. Серікбай Дәнекенұлы жауапкершілігі мен жұмысты ұйымдастырыушылығы арқасында «Новоильин» совхозының директоры болып қызмет атқарды.
Еліміз егемендік алған жылдары заманына сай кəсіпкерлікпен шұғылданып, «Ақтас» жеке шаруашылығын ашып, бизнеспен айналысты. Мал шаруашылығы, егін шаруашылығы саласын дамытты, қаншама адамды жұмыспен қамтыды. Кəсібінің табысын елмен бөлісіп, əлеуметтік жағдайы нашар қаншама адамдар мен отбасыларына қолғабысын берді. Сол жылдары ауылына көшіп келген отбасыларды малмен және тұрмыстық техника алып беріп көмектесті. Ақкөңіл, жанашыр азамат ақын-жазушыларды, айтыс өнерін ерекше ұнататын. Ауылына көшіп келген композитор Б.Сауекеновке қолдау көрсетті. Өнермен бірге спорт саласына да демеушілік көрсетіп отырды. Серікбай Дәнекенұлы ауданымызға Б.Майлин атын беруге ат салысып, қолдау көрсеткен. Қасыннан ең жақын Қуаныш, Қайсар, Қуанышпай тағы да басқа жолдастарымен бірге жүріп, елінің дамуына көп үлес қосты. Дүние емес, адал дос жинады. Адам көзі тірісінде біреуге білгенін үйретіп, тəрбие берген болса, қайырымдылық пен қамқорлық жасаса, амалы тоқтаса да, соңынан сауабы тоқтамай оған күн сайын жазылып тұрады екен. Артынан ерген қыз, ұлдары мен немерелерінің бойына да марқұм адамшылық құндылықтарын қалыптастырғаны байқалады. Əкенің ғибратты жолын жалғастырар ұрпағына ұзақ өмір тілейміз. «Ер есімі – ел есінде» деген халықтың асыл сөзі осы азаматқа тəн!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане