Жайдары мінез, жарқын жүзді ел ағасы еді

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_47_47-21.jpg

Каукин Баймағанбет, зейнеткер, Лисаков қаласының тұрғыны

Мен, Серікбай Дәнекенұлын студент кезінен білетінмін. Қоржынкөл ауылында тұрды. Орынборда ауылшаруашылық институтында студент болатын. Кейін екеумізде Қайранкөл ауылында ауыл шаруашылығында бірге істедік. Өз ісіне адал, аймақтың қоғамдық өміріне белсене араласып, ел ісіне атсалысқан білікті маман, шебер ұйымдастырушы еді. «Ақтас» жеке шаруашылығын ашып, халықты жұмыспен қамтамасыз етті. Еліміздің дамуына зор үлес қосты. Ол кісімен жақын араласқан, бірге жұмыс істеген жандардың қай-қайсысы да оның жүрегі мейірімге толы, көңілі кіршіксіз, жауап­кершілігі жоғары, ісіне адал болғанын айтады. Қандай қызмет атқарса да білімділігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, ең бастысы, қарапайымдылығымен дараланды. Осы қасиетімен ол айналасына сыйлы, әріптестерінің арасында абыройлы, жан-жақты болатын. Өзіне жүктелген міндетті орындау үшін білімін де, күшін де аямайтын. Серікбай Дәнекенұлы ой-пікірін ашық айтатын, адамдармен тез тіл табыса білетін. Үнемі ойға алған істі орындағанша асығып жүретін және оған асқан жауапкершілікпен қарайтын. Жоғары дәрежелі қызмет атқарса да, халық арасынан табылатын.
Әріптес, дос-жарандары оның жарқын бейнесін әлі күнге есімізде. Бұл жақсылардың соңында өшпес із қалады деген сөздің дәлелі. Халқына қолдау көрсетіп, ал отбасына, ардақты әке, қамқор ата болып, балалары мен немерелеріне үлгі болған ел ағасы еді.
Ия, уақыт зымырап бара жатыр. Көзкөргендер Серікбай Дәнекенұлымен бірге қызметтес болған жылдарды ерекше әсермен айтып берді. Естеліктердің қай-қайсысынан да жақын адамға деген сағыныш лебі есіп тұрады…


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане