Ақиқаттың айнасы - «Адалдық алаңы»

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_49_49-1-6.jpg

Мемлекетіміздің басты межесі санасыздықтың салдары болып табылатын жемқорлық ұғымын жойып, әділетті қоғам ретінде дамыған елдердің көшін бастау.
Ал, әділетті қоғам болу үшін, оның әрбір мүшесінің көкірек көзі ашық, жақсылыққа құштар, жаны ізгі болуға тиіс. Әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, әділеттің орнауы – адамдардың ұятына, әділдігіне, мейірбандығына, ар тазалығына байланысты болмақ. Осы орайда, адалдық пен әділдіктің ұйытқысы болған агенттіктің бастауымен іске қосылған «Адалдық алаңы» атты үлкен жоба жүзеге асырылуда. Жобаның басты міндеті жемқорлықты жойып, қарапайым халықтың алаңсыз өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау. Еліміздің барлық саласында бірқатар іс-шаралар атқарылып, азғантай уақыт ішінде халық арасында оң бағасын алып үлгерді. «Адалдық алаңы» жобасының бір ерекшелігі, еліміздегі жаңа ілім, жаңа ұғым, белгіленген мерзім ішінде, көздеген мақсатқа қол жеткізу. Ал мақсат анық, бағдар айқын, ол жемқорлықтың алдын алып, сананы өзгерту, ояту. Жоба ең алдымен, адамның санасына сәуле түсіріп, адамды, қоғамды түзетуге бағытталған.
Бүгінде «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қолданыста. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қатерлерден қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың және мемлекеттік функцияларды орындайтын басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу, жою арқылы тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидаттарын айқындайды, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың түрлерін, сондай-ақ жауапкершіліктің басталу шарттарын белгілейді. Іс жүргізу заңнамасына көптеген түзетулер енгізілді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік күшейтілді. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған адамдар үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда кез келген лауазымға орналасуға өмір бойы тыйым салынды. Кез келген заңсыз әрекетті жасағандар барлық артықшылықтардан толығымен айырылатынын бәрі есте ұстауы керек. «Тобыл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіде ай сайынғы семинарлар өткізу арқылы сыбайлас жемқорлық көріністерінің тәуекелдерінің алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі, сондай-ақ апта сайын ЗУМ-конференциялар арқылы аудан басшылығы алдын алу іс-шараларын жүргізеді.
Адалдық, әділдік жолындағы басты құндылығымыз – қоғам, ал қоғамды өзгертер күш – білім мен адал еңбек. Демек, еңбекке немқұрайлы қараушылыққа, жалқаулыққа, қоғамды жұтатып, тоқыраушылыққа ұшырататын әлеуметтік жүдеулікке әкеліп соқтыратын алаяқтық пен жемқорлыққа қарсы бір ағзадай қоғам болып төтеп беру ауадай қажет-ақ. Тегінде ақыл, ғылым, мінез, ар, адалдық сынды құндылықтарға ие адам ғана қоғам көшін бастайды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане