Шұғаның белгісі

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_50_502023-1.jpg

Бейімбет Майлин ауданының Халық театры жаңа қойылымды сахналады.
«Шұғаның белгісі» - Бейімбет Майлиннің шоқтығы биік туындыларының бірі.
Биыл осы шығарманың жарыққа шыққанына 110 жыл толып отыр.
12 желтоқсанда аудандық мәдениет үйінде «Шұғаның белгісі» спектаклінің премьерасы өтті. Бір-біріне ғашық, ескі әдет - ғұрыптың тосқауылына тап болған жастардың жай-күйін халық театрының әртістері сахналады. Режиссері - Нина Луценко. Сахнада әлеуметтік теңсіздік кедергі болып, армандарына жете алмаған байдың қызы - аяулы Шұға сұлу мен кедейден шыққан мақтаулы, оқыған жігіт Әбдірахманның қайғылы тағдыры жайында баяндалады. Қойылым көрермендерге жақсы әсер қалдырды. Әрекет тез және динамикалық түрде дамиды. Сахнада халық театрының әртістері образдарды оқиғалар арқылы шынайы жеткізуге тырысты. Сахнада тәжірибелі әртістермен қоса бірінші рет өнер көрсеткен өнерпаздар да болды.
Махаббатқа деген адалдық, сезімнің нәзік тұстары қазақ жастарына тән әдеп пен иба салт -дәстүрге сіңіріле отырып баяндалған. «Шұғаның белгісі» - Бейімбет Майлиннің проза жанрындағы тұңғыш туындысы.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане