XXI- ғасыр - нақты ғылымдар ғасыры

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_50_5.jpg

Мектебімізде 13-24 қараша аралығында «Пирамида» әдістеме бірлестігі бойынша жаратылыстану пәндері онкүндігі өтті.
Тақырыбы: «XXI- ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры»
Мақсаты: Оқытудың озық цифрлық оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың білім,білік,іскерліктерін өмірде қолдана білу дағдыларын жетілдіру,дамыту,сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Жоспарға сай бірінші апта ашық сабақтар ,екінші апта пән мұғалімдері сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырды. Онкүндік барысында екінші сабақтан кейінгі үзілісте оқушылармен «Көңілді үзілістер» ұйымдастырылды 9 сынып алгебра пәнінен А.У.Дуйсенбаева «Арифметикалық прогрессия» тақырыбында, 7 сыныпта физика пәнінен А.С.Хасенова «Тығыздық» тақырыбында, Информатикадан 4 сыныпта Б.Серікұлы «Бағдаршам. Робот» тақырыбында , математика 5 сыныпта А.А.Жақсылық «Жай бөлшектерді қосу,азайту» тақырыбында, 5 сыныпта жаратылыстану пәнінен Н.М. Алтай «заттар және материалдар» тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Барлық жүргізілен сабақтар дәстүрлі емес форматта өтті. Мұғалімдер сабақ барысында Onlain mektep мектеп платформасын қолданды.Сонымен қатар сабақ тацифрлық ресурстар түрлерін қолданды. Атап айтсақ, LearningApps, Kahoot, Online Test Pad, MindMeister менталдық картаны қолдану арқылы жүрді. Дәстүрлі емес сабақтар оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын туғызып,білім алуға деген ұмтылысын күшейтеді.Екінші аптасында жаратылыстану пәндері бойынша сыныптан тыс жұмыстар жүргізілді. Онкүндік қорытындысы «Шағын жинақты мектептерде цифрлық ресурстарды қолдану» тақырыбында өткізілген шебер-сынып болды.Шебер-сынып мақсаты: Шағын жинақты мектептерде,біріктірілген сыныптарда сабақ жоспарлау және өткізу.Мұғалімдерге онлайн педагог пен педагог ассистенттің сабақ барысы кезіндегі жұмыстарды ұйымдастырылуы туралы мәлімет берілді. Мұндай сабақтар Zoom платформасында өткізіледі. Сыныппен педагог ассистент жұмыс жасайды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане