- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 20.12.2023 14:40
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 388
16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесі. Бұл – азаттық таңын аңсаған азаматтар мен қыршын кеткен жастардың ерлігін еске алатын күн. Бабалардың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы ақиқатқа айналып, қазақ елін жасампаздықтың жаңа белесіне көтерген күн – Тәуелсіздік күні.
Сондықтан да 16 желтоқсан ұлтымыз үшін ең ұлық күн, ең ұлы мереке саналады. Өйткені, Қазақстан Республикасы осы күні өз тәуелсіздігін дүниежүзіне жүзіне жария етті.
Желтоқсан … Қаһармандарымызды бір еске алатын сəт. 1986 жылдың желтоқсанында алаңға шығып, Кеңес билігіне наразылық көрсеткен жастарды да қаһарлы империядан сескендірмеген күш те осы Азаттыққа деген аңсау екені сөзсіз. Шынында да Желтоқсан көтерілісі азаттық таңы ататын күннің жақындап қалғанын сездірген оқиға еді.
Тәуелсіздіктің баянды болуын елдің бірлігіне балайтын тобылдықтар да осы күні Мәдениет үйі, кітапханалар мен білім ордаларында бас қосты. «Думан» Мәдениет үйі Тобыл селолық кітапханасы бірігіп, «Желтоқсан жаңғырығы» атты тарихи танымдылық отырысы өтті. Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беріліп, ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге жас ұрпақты тәрбиелеу іс шараның мақсаты болды. Іс шара барысында ел тарихына шолу жасап, еркіндікті аңсаған ұлт зиялылары мен желтоқсан құрбандарын еске алып, Тәуелсіз еліміздің жетістіктері жайлы айтылды.
Талай зұлмат пен талайлы тағдырды бастан өткерген халқымыздың басына қонған осынау бақты қадір тұтып, мәні мен маңызы зор мерекені ел болып ұлықтау біз үшін бұлжымас парыз. Осы тәлімі мол істі кейінгі буынға дәріптеу де үлкен өнеге. Сондықтан да халқымыз ұлық мерекені ұлықтауды дәстүрден тыс қалдырған емес.