Тобылда қоғамдық монша

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_51_512023-17.jpg

Ауыл тұрғындары монша салуды ұзақ күтіп, көптеген жылдар бойы жергілікті билікке осы мәселені жиі айтылып келе жатқан. Биыл моншаны кәсіпкер Утеулиева Даража Садуакасқызы ашты.
Монша құрылысын кәсіпкердің жеке қаражатына жүргізілді. Утеулиева Д.С. бизнестің қыр-сырына қанық. Заманауи талаптарға лайықты салынған моншада жуыну құны да қолжетімді. Ғимарат тұрғындарға қызмет көрсетіп жатыр.
Тұрғындар игілігіне ұсынылған әлеуметтік маңызы зор нысанға елдің ықыласы зор. Нысан ашылғаннан кейін ауылдағы 3 тұрғыны тұрақты жұмысқа орналасты. Монша жанында жұртшылық сұранысын қамтамасыз ету мақсатында буфет, тағы басқа қосалқы қызмет көрсету түрлері де қарастырылған. Ауыл тұрғындарына ауадай қажет болған моншаны ашқан кәсіпкер Даража Садуакасқызы тобылдықтардың алғысына ие болуда.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане