«Хас шебер» фестивалі

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_52_522023-11.jpg

17-19 желтоқсан күндері Астана қаласында еліміздің ең үздік қолөнер шеберлерінің туындылары қойылған “Хас шебер” атты көрме-жәрмеңке өтті.
Осы іс-шараға ауданымыз тұрғыны, қолөнерші Гүлнұр Ералиева өз қолөнер жұмыстарымен қатысты. Гүлнұр сән көрсетіліміне де қатысып, өз қолынан шыққан киімдерді көрсетті. Қолөнерші ресми түрде «Хас шебер» атанып, оның есімі Қазақстанның КИнЭС рекордтар кітабына енгізілді.
Фестивальдің ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысып, қолөнершілерге ақ тілегін білдіріп, іс-шараның бұл тек бастамасы екенін, енді әр жыл сайын өтетінін мәлімдеді.
Іс-шараға 300ге жуық қолөнерші қатысты. Фестиваль шарты бойынша әр қолөнерші өз логотипін 30*30 көлемде кестелеп тігіп апару керек еді. Кейін осы логотиптер біріктіріліп ел тарихында бұрын-соңды болмаған қолөнершілер туы пайда болды. Жүздеген ең үздік қолөнер шеберлерінің қолымен тігілген жасыл түсті тудың атауы – «Бірлік, Береке, Мейірімділік» деп аталады. Ол – табиғатқа, болашаққа талпынуды білдіреді.
Қолөнершілердің барлығы Қазақстанның КИнЭС рекордтар кітабына еніп, оны дәлелдейтін арнайы сертификатпен марапатталды. Бұндай ауқымды іс-шараны ұйымдастырып, республиканың түкпір-түкпірінен қолөнершілерді жинап, басын қосу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Гүлнұр: «Ұйымдастырушыларға, оның ішінде «Хас шебер» қауымдастығының төрайымы Зиуар Жұманова ханымға қолөнерді дамытуға бар күшін салып, еңбектеніп жүргені үшін үлкен алғыс білдіремін!»-дейді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане