Газ қосу жұмыстары жалғасуда

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_13_132024-8.jpg

Тобылда тұрғын үйлерге газ қосу жұмыстары қарқын алды.
Еске салсақ, былтырғы жылдан шаһарға толықтай көгілдір газ жеткізілу жұмысы жүргізілуде. Енді тұрғындар жаппай үйлеріне газ кіргізіп, от жағып, күл шығарудан арыламыз деп қуануда. Газ беру жұмыстары биылғы жылы жалғасып жатыр. Көгілдір отынды ұзақ күткен тобылдықтар оң өзгерістерге дән риза. Табиғи газбен қамту экологияға да оң әсерін тигізбек. Жауапты мердігер компания мамандары көгілдір отынды есептегіш құрылғысымен бірге әр абоненттің үйінің алдына дейін тартып беруде. Тобыл көшелерінің бойында көгілдір отынға қосылуға дайындап жатыр. Тұрғындардың міндеті - үй алдына келген газды ішке кіргізіп алу. Қазір 50 шақты үйге ішкі жұмыстары жүргізілген. Тобылдықтар биыл көгілдір отынның шарапатын көрмек.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане