Білікті ұстаз - Любовь Охотина

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_16_162024-6.jpg

«Еңбек адамы» атты тұрақты айдарымызда- ұстаз Охотина Любовь Михайловна туралы айтпақпыз. Ғұмырының саналы бөлігін шәкірт тәрбиесіне арнаған кейіпкеріміз1962 жылы 20 қарашада Қостанай облысында, Апановка станциясында дүниеге келген.
Жастайынан ұстаздық жолды таңдаған Любовь Михайловна Апанов орта мектебінде оқыды. 1980 жылы мектепті бітіріп, Ы. Алтынсарин атындағы Рудный педучилищесіне оқуға түсті. Училищеде оқып жүргенде де Нелюбин орта мектебінде педагогикалық практикада болып, алған тәжірибесі «өте жақсы» өтті. Любовь Михайловна педагогикалық білімдерімен бөліскен, алғашқы тәлімгерлері болған, еңбек жолын бастаған Нелюбин орта мектебінің мұғалімдер ұжымына және Барсуков мектебінің мұғалімдер ұжымына алғысы зор.
Ал, Тобыл орта мектебінде Охотина Любовь Михайловна 1984 жылдан бастап, яғни мектеп құрылған күннен бастап жұмыс істей бастады. Мектеп директоры Куденко Николай Емьянович жас маман Любовь Михайловнаны бастауыш сынып мұғалімі ретінде жұмысқа қабылдады.
- Мен Тобыл орта мектебі ұжымында Валяева Галина Михайловна, Довбня Галина Ивановна, Баюк Надежда Ивановна сияқты тәжірибелі және сауатты мұғалімдермен қатар жұмыс жасап, тәжірибе жинағаныма өте бақыттымын. 1985 жылы Тобыл жігіті Охотин Александрға тұрмысқа шығып, отбасылы болдым. Қазір есімде, менің оқушыларым, 3-сынып балалары Тобыл селолық советінде менің некеге тіркеу кезінде құттықтап, кеңсеге кіріп келгені есімде. Мен өте керемет әсерде болдым.1986 жылы тұңғыш ұлым Сергей дүниеге келді. Ал бір жылдан кейін Қостанай педагогикалық институтына филология факультетіне сырттай оқуға түстім. Әрине, ұлымыз кішкентай болғандықтан ата-аналарымыз көмектесті. Көптеген қиындықтар болса да мойымай жас ұрпаққа білім беру үшін армандарымды орындауға тырыстым.-дейді ұлағатты ұстаз.
Любовь Михайловна 1992 жылы Қостанай педагогикалық институтты бітіріп, Тобыл жалпы білім беретін мектебінде орта және жоғарғы сыныптарға орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істей бастады. Алдында бастауыш сыныпқа сабақ беріп үйренген ол, жоғарғы сыныптарға да сабақ өткізе бастады. Жұмыс барысында үш бастауыш және үш жоғарғы сыныптардың жас түлектерді шығарып салды. Өткен жылдарды еске түсірген Любовь Михайловна, балалармен бірге өткізген қарым – қатынас рухани жылулық пен шынайылықтың көрінісі, дейді.
- Менің жұмысымда сынып жетекшілігі үлкен орын алды. Маған оқушылармен бірге іс-шаралар түрлі кештер өткіземін.Оларға билер үйретіп, әндер айтқызамын. Жұмысқа келіп, балалармен сөйлесе бастағанда барлық қиындықтар туралы бірден ұмытып кететінмін. Соғыс ардагерлерімен кездесулер есте қалды. Мен бұрын оқушылармен бірге соғыс ардагері Тупикин Иван Ивановичке баратынбыз. Соғыс ардагеріне үй шаруашылығына көмектесіп, қыз балалар едендерді жуып, шаңды сүртіп, тамақ дайындаса, ал ұл балалар ауланы қардан тазартатын. Мұндай іс-шаралар оқушыларды бірігіп, қамқорлық пен жақсылық жасауға тәрбиелейді.
Менің түлектерім әрқашан ең жақсы болып көрінетін, мен оларды кішкентайынан оқытып, ер жетіп өз мақсаттарына жеткен оқушыларымды мақтан тұтамын, олардың әдемі және көрікті білімді, саналы жігіт пен қыздарға айналғанын мақтан етемін.
Любовь Михайловна өзінің ұзақ педагогикалық қызметі үшін «Оқыту және тәрбиелеу бойынша табысты жұмысы үшін» аудандық білім бөлімінің алғыс хаттары, құрмет грамоталарымен марапатталған
Бірақ мұғалім үшін ең жоғары марапат оқушылар мен ата-аналардың алғыс сөздері. Қазіргі уақытта Любовь Михайловнаның 3 шәкірті мектепте бірге жұмыс істейді. Мұның өзі ұстаз еңбегінің жемісі. Қортындылай келе Охотина Любовь Михайловнаға мықты денсаулық, отбасына амандық тілейміз. Шәкірт тәрбиелеу жолындағы елеулі еңбегіңіз жемісін берсін!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане